Былғары қолғап шебері – Серік Сәпиев (6 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.
Сабақтың тақырыбы: Былғары қолғап шебері – Серік Сәпиев
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 6.2.4.1 - ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру.
Сабақтың мақсаты: Стильдері әртүрлі мәтіндерді салыстыра талдауға үйрету....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Серік Сәпиев Жұманғалиұлы (16 қараша, 1983 жылы)

Серік Жұманғалиұлы Сәпиев (16 қараша, 1983 жыл, Абай қаласы, Қарағанды облысы) - боксшы, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері, Парасат орденінің кавалері (2008 жыл), Отан орденінің иегері (2012), спорт бойынша ЮНЕСКО чемпионы атанған әлемдегі 13-ші спортшы, қазақстандық ең танымал боксшылардың бірі, 2014 жылдың қарашасынан бастап Astana Arlans командасының бас директоры.
Жартылай орташа салмақ пен бірінші жартылай орташа салмақта әуесқой бокстан Олимпиада ойындарының чемпионы (2012), Баркер кубогының иегері (2012), әлемнің екі дүркін чемпионы (2005, 2007), күміс (2011) және қола (2009) медальдарының иегері, Бейжің және Лондон Олимпиадасында бокстан құрама команданың капитаны.
Өмірбаяны....
Өмірбаяндар (биография)
Толық

Серік Сәпиев киноға түсіп, өз-өзін сомдады

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев "Мужская история" деп аталатын жаңа қазақстандық телехикаяда боксер рөлін сомдады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Мужская иcтория" деп аталатын сериалдың сюжеті төрт достың тағдырын, олар бастан кешкен оқиғалар, сатқындық, жігіттер арасындағы кикілжің мен махаббат жайын баяндайтын болады. Мектеп партасынан басталған достық олардың өмірлік серігіне айналады. Лондон Олимпиаласының алтын медаль иегері Серік Сәпиев басты рөлдегі жігіттердің бірін жаттықтыратын боксшы рөлін сомдайды.

"Мен осы жобаға қатысуға шақырту алғаныма өте қуаныштымын. Бұл менің алғашқы актерлік тәжірибем. Бірақ мен мұнда өз-өзімді ойнаймын, сондықтан бұл рөлде өзімді ыңғайлы сезінем. Маған сериалдың сценарийі қатты ұнады. Мен нағыз достық жайлы фильмдер мен сериалдар біздің қоғамға аса қажет деп санаймын. Досты құрметтеп, қадірлеп, бағалай білу керек", - деген пікірімен бөлісті Серік Сәпиев.

Жаңалықтар
Толық