Жандарбек Садырбаев Алайдарұлы (1977 жылы 24 қыркүйек)

Жандарбек Алайдарұлы Садырбаев (1977 жылы 24 қыркүйекте Жамбыл облысы, Луговой ауданында туған) — актер. Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2010). Құрмет орденінің иегері (2016).
Жандарбек Алайдарұлы 1977 жылы Жамбыл облысы, Луговой ауданында дүниеге келген.
1994 -1998 жылдары Қазақ ұлттық өнер академиясының театр факультетін «Театр және кино актері» мамандығы бойынша бітірген.
1998 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамында.
2015 - 2018 жылдары Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры директорының орынбасары.
Сахнадағы негізгі рөлдері
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры сахнасында: М. Әуезовтің «Айман-Шолпанында» Балпық, «Абайында» Көпбай, «Қарагөзінде» Сырым, «Еңлік-Кебегінде» Қодар, «Қилы заманында» Түнқатар, С.Мұқановтың «Мөлдір махаббатында» Еркін, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодар, С.Торайғыровтың «Қамар сұлуында» Қалтан, Ә.Кекілбаевтың «Абылай ханында» Әмірсана, Әбілмансұр, Шахимарден, Қ.Ысқақтың «Қазақтарында» Қазақ, Шахимарденнің «Томирисіндегі» Ардашир, М.Мақатаевтың «Қош, махаббатында» Айбар, Ө.Боранбаевтың «Көкбөрісінде» Байшаур, Ә.Таразидің «Ақын… Періште… Махаббатында…» Дүниенің тұтқасы, Д.Исабековтің «Әпкесінде» Сұлтан, «Жаужүрегінде» Троицкий, Т.Нұрмағанбетовтің «Ескі үймен қоштасуында» Бизнесмен, Б.Мұқайдың «Өмірзаясында» Иса, С.Асылбекұлының «Күзгі романсында» Әлібек, «Империядағы кешінде» Айдар Сейтқалиұлы, Т.Мәмесейітовтің «Бәкей қызында» Түнқатар, Н.Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейдісінде» Мейірбек, И.Сапарбайдың «Сыған серенадасында» Абзал, Ә.Рахимовтің «Шәкәрімінде» Қарасартов т.б. бейнелерді сомдайды....
Өмірбаяндар (биография)
Толық