Қазақша - Орысша Түйіндеме, Өмірбаян, Хат жазу Үлгісі / Образец Автобиография, Резюме, Письмо

Соңғы жылдары түйіндеме құжаты түрі кең таралып отыр. Түйіндеме кәсіпорынға, жұмысқа қабылдау алдында үміткерден түйіндеме (резюме) ұсыну талап етілуде. Жұмысқа қабылданушы үшін бұл түйіндеме құжатының басты мақсаты - өзін - өзі көрсету. Түйіндеме өмірбаян секілді жазылмайды. Түйіндеменің жасалуы еркін болады. Мұнда қызмет іздеп жүрген адам өзінің білімі, еңбек тәжірибесі, жеке жетістіктері, кәсіпқойлық деңгейі, басқа да дағдылары туралы мәліметтерді түйіндемеге қысқа әрі нұсқа етіп тізіп жазады. Жұмысқа алушы адам түйіндеме құжатына қарап, үміткер туралы жан-жақты мағлұмат алады. Әңгімелесуге шақыруға болатын болмайтындығын анықтайды. Сондықтан, жаңа жұмыс іздеп жүрген жан үшін, түйіндемені тартымды етіп жазудың маңызы зор.


Түйіндеме үлгісі





--------------------------------------------------------------------------------------------------

Түйіндеме (Резюме)

Резюме (фр. тілінен алынған термин; “Айтылған, я жазылған мәселенің қысқаша түйіні” деген мағына береді) Түйіндеме – белгілі бір тұлғаның өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі, икемділігі жайлы нақты, қысқа мәлімет беретін іс қағазының бір түрі. Жазылған түйіндеме сіз туралы толық мәлімет беру үшін онда, сіздің біліміңіз, біліктілігіңіз, жеткен жетістігіңіз, жұмыс тәжірибеңіз, не нәрсеге икемділігіңіз бар екені айтылуы керек. Түйіндеме сіздің кең көлемдегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз - өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжірибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Сондай-ақ түйіндеменің әдемі рәсімделуіне де көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқу барысында бірден ұғатындай болу керек Қалаған мамандығыңызға байланысты жеке басыңыздың қасиеттері анық көрсетілуі тиіс. Мәселен, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз түйіндемеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттеріңіз жазылуы керек. Түйіндемеде белгілі бір адам туралы мәліметтер ықшам әрі нақты түрде беріледі. Түйіндеменің ерекшелігі – үміткердің білімі және кәсіби шеберлігі туралы мәліметтердің кері хронологиялық тәртіпте берілуі.


--------------------------------------------------------------------------------------------

Түйіндеменің мазмұндық-құрылымдық жүйесі:

- аты-жөні; - туған жылы, күні, айы, туған жері; - ұлты; - жынысы; - мекен-жайы, телефоны; - отбасы жағдайы; - азаматтығы; - білімі; - бітірген оқу орындары; - кәсіби біліктілігі мен кәсіби тәжірибесі; - тілдік дағдылары; - компьютерлік сауаттылығы; - жеке қасиеттері (жауапкершілігі, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас т.б.) - қызығушылығы (саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу т.б.) туралы мәлімет, қосымша ақпараттар (мақтау грамоталары, сертификаттар, наградалар, патенттер т.б.) Түйіндеме жазғанда жадыңызда ұстаңыз!1.Түйіндемеде Сіздің маман ретіндегі бейнеңізді толықтыратын, аша түсетін өз мінезіңіздің кейбір жақсы қырларын да атап өтініз. Басшылық, жетекшілік, ғылыми жұмыстарға икемділігіңіз болса, ол да назардан тыс қалмасын. Дайындаған құжаттар мен жазбаларды қайталап бір оқып шығып, керекті мәліметтерді ойша реттеп алып резюменің колжазбасын дайындауға кірісіңіз. Құжаттар мен мәліметтерді дайындап алғаннан кейін резюме жазып шығу қиын болмайды. Ең бастысы ол мәліметтерді ретімен, қысқа, нақты бере білу. Қашан, қайда оқыдыңыз, қайда, кім болып істедіңіз, қайда, қашан біліміңізді көтердіңіз, тәжірибе жинақтадыңыз? Егер ғылыми дәрежеңіз болса оны қалыптасқан редакциямен көрсетесіз. Мысалы, "техника ғылымының кандидаты", "биология магистрі", т.б. Жазған еңбектеріңіз, шыққан кітаптарыңыз болса, маңыздыларын атап көрсетіңіз. Қызмет бабымен, турист ретінде жасаған шетелдік сапарларыңыз да көрсетіледі. Шет тілін білу дәрежеңіз, компьютерді қаншалықты игергендігіңіз де көрсетіледі. Жеңіл машина немесе транспорттың басқа түрін жүргізе алатындығыңызды көрсету де артық болмайды. Айтылатын негізгі мәселелер осы. Қысқасы, "не, қайда, қашан" екендігі жазылады. 2.Түйндемені оқыған қезде сіздің алға қойған мақсатыңыз айқын көрініп түруы кереқ, яғни мекеме басшысы сіздің кім болып істегіңіз келетінін түйіндемені оқығанда бірден үғатындай болғаны дүрыс. Жеке басыңыздың қасиеттерін атап көрсеткен кезде, оның сіздің таңдап отырған жұмысыңызға орналасуға септігі тиетіндігі басты назарда болуы қерек. Мысалы, сіз жарнама агенті болып орналасқалы келсеңіз, резюмеге адамдармен жақсы қарым-қатынас жасай алатындығыңыз, тапқырлығыңыз, интуицияңыз, адам психологиясын жақсы білетіндігіңіз сияқты қасиеттер жазылуы керек. Егер бастауыш сынып оқытушысы болғыңыз келсе, балаларды жақсы көретіндігіңіз, мейірімділігіңіз, шыдамдылығыңыз т.б. жазылуы кереқ. Жиналған мәліметтерді резюмеде берудің екі жолы бар: хронологиялық және фунқционалдық.. Хронологиялық тәсіл. Алдымен қазір істеп жүрген жүмысыңыз көрсетіледі де, ары қарай Хронологиялық ретпен жазылады. Яғни, соңғы орында сіздің бірінші жүмыс орныңыз, я болмаса бірінші аяқталған оқу орны жазылады. Егер сіздің жұмыс стажыңыз көп болса, алдымен косіптік жолыңьтзды көрсеткеніңіз дүрыс. Ал оқу орньш жаңа аяқтаған, қызметті жаңа бастағалы түрган адам оқыған оқу орны, алған мамандығы жайлы мәселені негізгі назарда үстайды. Функционалдық тәсіл. Бүл тәсіл білімі мен біліктілігі, жүмыс тәжірибесі мол адамға лайықты. Мүнда жүмыс стажы кері Хронологиялық ретпен беріледі де, одан кейін білімі жайлы моліметтер көрсетіледі. Егер бір мекемеде бірнеше жыл қатарынан істесеңіз, онда жүмысыңыздың жалпы сипаты өзгермегенде болса, бәрін тізіп жатпай-ақ, қысқаша жазуға болады. Мысалы, "1991-1999 жылдар аралығында Машина жасау заводында экономист, аға экономист, директордың орынбасары қызметтерін атқарды". Соңғы жүмыс орнынан немесе жеке адамның атынан алынган кепілдеме болса, оның бар екендігі резюмеде бір сөзбен айтылу керек. Қажет деп тапқан жағдайда ол резюмемен бірге тапсырылады.


-----------------------------------------------------------------------------------------

Үлгi

Т Ү Й І Н Д Е М Е Сұлтанова Назира Айханқызы 1914 ж. 4-сәуірде Талдықорган қаласында тудым. Мекен-жайым: Алматы қаласы, N. Тілендиев көшесі, 21, 3. Үй телефоны: 41-00-43 Мамандығым; зақгер, тарихшы. Бағыт: Жогары оқу орнының оқытушысы, мемлекеттік аппарат қызметкері. Білімі мен қызметі туралы мәлімет: Қазақ мемлекеттік зац университетініц аспиранты 1997-2000 жж. Ілияс Жансугіров атындагы университеті тарих факулътетініц оқытушысы /995-1997 жж. Ілияс Жансүгіров атындагы Талдықорган университеті тарих және қуқық факулыпетініқ студенті — 1991-1995 жж. Негізгі мәліметтер. Казақстан тарихы, қуқықтану мәселелерімен айналысып, зерттеу жумыстарын жургіздім. "Әлихан Бөкейхаповтың саяси, қуқықтық көзқарастары" тақырыбында кандидаттық диссертация жаздым. Республика, қала, жоеары оқу орындары колемінде өткен конференцияларды баяндама жасадым. Жогары оқу орнында жұмыс істеген тәжірибем бар. Қогамдық жумыстарга белсене араласамын. Қосымша мәліметтер: Ана тілім — қазақ тілі. Агылшын және орыс тілін жақсы білемін. Компьютермен жұмыс істей аламын. Туристік сапармен туркия, қытай, корея мемлекеттерінде болдым. Жеңіл машина жургізе аламын (1998 жылдан). Көпшілікпен жумыс істегенді ұнатамын. Үйымдастырушылық қабілетім бар. Тапрсыреан іске жауапкершілікпен. қараймын. Театрга, спорт жарыстарына барганды ұнатамын. Кепілдеме туралы мәлімет: Қазақ мемлекеттік заң университеті Мемлекеттік құқық кафедрасының меңгерушісі берген кепілдеме қосымша беріліп отыр. 12 желтоқсан 2012 жыл ^_^^^_^^^^ ЖАРАР А.Б. (қолы)


Өмірбаян – қызметкердің өмір жолы және еңбек қызметі жазылған құжат. Өмірбаянды қызметкер өз қолымен еркін түрде, түзетусіз, хронологиялық ретпен өз өмірінен негізгі оқиғаларды келтіре отырып, бір дана түрінде жазады.

Өмірбаян үлгісі


Мен, (аты-жөні) Қазақстан Республикасының азаматы (азаматшасы) (күні.айы.жылы) ж. (қала) қаласында, (қызметкер) отбасында дүниеге келдім. Ата-анам «(атауы)» ЖШС жұмыс істейді: әкем (аты-жөні) – инженер, анам (аты-жөні) – кадр бөлімінің инспекторы.
(жыл)жылы (қала) қаласындағы № (нөмір) орта мектептің 1 сыныбына барып, осы мектепте (жыл) ж. 10 сыныпты бітірдім.
(жыл)ж. № (нөмір) кәсіптік техникалық училищеге түсіп, оны (жыл) ж. бітіріп, стенография, шетел машина басу және ұйымдастырушылық техника білімімен машинист-хатшы мамандығын алдым. Училищені бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасының Жеңіл өнеркәсіп министрлігінің машина басу бюросына машинист қызметіне жіберілдім.
(жыл) жылы аға машинист, ал (жыл) ж. машина басу бюросының меңгерушісі лауазымына ауыстырылдым. Тапсырмаларды табысты орындағаным үшін (жыл) ж. (Құрмет грамотасымен марапатталдым). (жыл) ж. Министрліктің ісқағаздарды жүргізу қызметі қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін байқауда бірінші орынды иелендім.
Тұрмыс құрғанмын. Күйеуім (аты-жөні) (жыл) ж. туған, «(атауы)» ЖШС стандарттау бөлімінде инженер болып қызмет істейді. Екі балам бар. Ұлым – (аты-жөні) (жыл) ж. туған, № (нөмір) мектептің 3 сынып оқушысы, қызым (аты-жөні)(жыл) ж. туған, (қала) қаласы (аудан) ауданының № (нөмір) «(атауы)» балабақшасына барады.
Мекенжайым: (қала) қ., (көше) к-сі, № (нөмір)-үй, (нөмір)-пәтер. Үй телефоны: (нөмір).


(күні.айы.жылы) ж.

------------------------------------------------------------------------------------------


Автобиография – документ, в котором описаны этапы жизни и трудовой деятельности работника. Автобиографию сотрудник пишет собственноручно, в произвольной форме без исправлений, в одном экземпляре, излагая основные события своей жизни в хронологической последовательности.


Образец автобиографии


Я, (Ф.И.О.)гражданин(ка) родился(ась) (год)года в г. (город), в семье (служащих).Родители работают в ТОО «(название)»: отец (Ф.И.О.)–инженер, мать (Ф.И.О.)– инспектор отдела кадров.
В (год) году окончила 10 классов городской средней школы № (номер) и поступила в профтехучилище №(номер),которое окончила в (год)г. Получила специальность секретаря-машинистки со знанием стенографии, иностранной машинописи и организационной техники. По окончании училищабыла направлена на работу в машбюро Министерства легкой промышлености Республики Казахстан на должность машинистки.
В (год)г. переведена на должность старшей машинистки, а в (год)г. – заведующей машинописным бюро. За успешное выполнение заданийв (год)г. (награждена Почетной грамотой) Министерства. В (год)г. заняла первое место в конкурсе профессионального мастерства работниковслужбы делопроизводства Министерства.
Замужем. Муж (Ф.И.О.)(год)г.р.,работает инженером отдела стандартизации ТОО «(название)». Двоедетей. Сын (Ф.И.О.) (год) г. р.,и дочь (Ф.И.О.) (год)г. р., посещаетдетский сад № (номер) «(название)», (район)района г. (город).
Мой адрес: г. (город), ул.(улица), дом № (номер), кв. (номер). Домашний телефон: (номер)



(число.месяц.год.)г.

Осында келтірілген хаттың үлгісін қарап, мына нәрселерге назар аудар:
1) хат ұқыпты әрі тиянақты жазылған;
2) хатқалта жоғалып кеткен жағдайда, хаттың өзінде салушының аты мен мекен-жайы көрсетілген;
3) бірінші абзацта-ақ хаттың мақсаты анық түсіндірілген;
4) әрбір жаңа ой абзацтармен бөлінген;
5) мақсатына сай хат не аса ресми, не тым еркінсіп жазылмаған.

Ресмилеу хаттарда, мысалы, қауым хатшысының филиалға жазған хатында, қауымның қалай аталатыны, хатшының есімі мен мекен-жайы және ай-күні көрсетілу керек. Сондай-ақ кімге немесе қандай ұйымға жазылғанын көрсету керек. Содан соң сәлемдесу сөздері жазылады. Хатты түріне қарай әдетте “Құрметпен...” деген сияқты сөздермен аяқтап, соңынан қол қойылады.
Хат кімге арнап жазылса да, ұқыпты, ешбір орфографиялық, грамматикалық және пунктуациялық қателерсіз жазылу керек. Сонда оны алған адам ішіндегі хабарды көңіл қойып оқуға тұрарлық деп көреді.
Хатқалтаның сыртына әрқашан кері мекен-жайды, мүмкіндігінше, өз мекен-жайыңды жазып жіберу керек. Егер бейтаныс адамға куәлік етуде өз мекен-жайыңды жазбағаның дұрыс деп есептесең, ақсақалдардан жергілікті Патшалық Сарайының не қауымға келетін поштаны алып жүрген ақсақалдың мекен-жайын жазуға болатын-болмайтынын сұрап көр. Мұндай жағдайда филиалдың мекен-жайын қолданба, өйткені хат алушы оны филиал жіберген екен деп дұрыс түсінбей қалуы мүмкін. Егер хаттың ішіне әдебиет салынып, бірақ қайдан келгені көрсетілмесе, оны да филиалдан келген деп түсініп қалуы мүмкін.
Хатқалтаға қажетінше марка жапсыру керек, мұны әсіресе әдебиет салғанда ұмытпау керек. Егер маркалары жеткіліксіз болса, қалған бағасын хатты алушыға төлетуі мүмкін. Ал бұл хабарымыздың құндылығын төмендетер. Көп елдерде хатпен бірге журнал не брошюра салғанда, оның бағасы қымбатырақ болатынын ұмытпа.

Хат жазу үлгісі

Бексұлтанқызы Маржан
Достық даңғылы, 83
Алматы қаласы
480056
1 маусым 2003 жыл
Саламатсыз ба!
Жолдасым екеуміз сізге жақын жерде тұрамыз. Сізбен бетпе-бет сөйлесе алмадық, бірақ сізбен өте маңызды хабармен бөліссек деп едік. Ол туралы өзіңізге салып отырған мына трактатта біраз айтылады.
Біз 200-ден астам елде ерікті түрде жүргізіліп жатқан іске қатысамыз. Бұл істің мақсаты — адамдарға “Неге біз қартаямыз және өлеміз?”, “Өмірдің мағынасы неде?”, “Қалай нағыз бақытқа қол жеткізуге болады?” деген сияқты сұрақтарға Киелі кітаптан жауап беру.
Бұл іске шын жүректен маңайымыздағылардың игілігін ойлағандықтан атсалысамыз. Мұның сауда-саттықпен ешқандай байланысы жоқ. Жақын арада өзіңізбен жүзбе-жүз көрісіп, әңгімелесе аламыз деп үміттенеміз. Ал бізбен жоғарыда келтірілген мекен-жай арқылы байланысуыңызға болады.
Құрметпен
[аты-жөні]


Жарнама


. .