Сүйікті жарыма, сүйіктеме (8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні)

Өзіңді көгілдір көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтаймын. Осынау жарқын мереке күні мәңгілік жастық алауын, адал махаббат жылуын, шынайы сүйіспеншілік шуағын тілеймін.

Ізгі тілекпен, жан жарың……..
Құттықтау, тілектер
Толық

8 наурыз (Қызыма)

8 Наурыз арулар күніне арналған жылы лебізімді қабыл ал. Тал бойыңа ажарына ақылы сай, нәзік те биязы, көрікті де келбетті Қазақ қыздарының жан сұлулығын тілеймін. Жанарың әрдайым нұр шашып, жүзің күндей күлімдеп, көңілің көктемдей көрікті болсын!

Ізгі тілекпен, жан әкең ………………!
Құттықтау, тілектер
Толық

8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Құрметті апама)

Сізге 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтауымды жолдаймын. Әйел барлық қиындықты жеңе білетін сарқылмайтын күш, тірліктің қайнар бұлағы.

Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлей беріңіз.

Ізгі тілекпен, бауырыңыз ...............
Құттықтау, тілектер
Толық