22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Балабақша | Жыл басы - Наурыз)

Сценарий тақырыбы: Жыл басы - Наурыз!

Сценарий мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;
Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Сценарийлер (ертеңгілік)
Толық

Мен және менің денсаулығым (Балабақша)

БҚО,Ақжайық ауданы,
Тайпақ ауылы, «Айгөлек» МДҰ МКҚК
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Султанова Сания Жаксылыковна
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
«Ақерке» ортаңғы тобы
Білім беру саласы: «Денсаулық», «Қатынас»,«Шығармашылық»
Бөлімі: Дене шынықтыру,Тіл дамыту,Музыка.
Тақырыбы: «Мен және менің денсаулығым»
Мақсаты: 1. Балаларға денсаулық туралы түсінік бере отырып,өз еркілерімен жаттығуларды жасауға дағдыландыру.

kz
Толық

Менің Отаным

Мақсаты: бүлдіршіндерді Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне, атамекеніне, туған ауылына деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу.
Көрнекі құраладар: 1. Ұран сөздері жазылған плакаттар.
2. Туған жердің көріністері.
3. ҚР рәміздері.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, балалар!
Сіздерді көргенімізге қуаныштымыз, «Менің Отаным» атты ашық көріністі бастайық.
Әнұран орындалады.
Тақпақтар:
Отан,Отан!
Сен болмасаң, не етер ем?
1. Мәңгілікке бақытсыз боп етер ем.
2. Отан деген атамекен, .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Жабайы аңдар

Сабақтың тақырыбы: Жабайы аңдар
Сабақтың мақсаты: Балаларға жабайы аңдар туралы мағлұмат беру
Сабақтың міндеттері: 1. Балаларды аңдармен таныстыру,
олардың мекені туралы әңгіме-
леу.
2. балалардың ой-өрісін дамыту,
әрбір баланың өзіндік ерекше-
лігін ескере отырып, жеке дара
жұмыс жүргізу.
3. Бүлдіршіндерді ұғымталдыққа,
бірлесіп жұмыс істей білуге тәр-
биелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, әңгімелеу.
Технология: Дьенеш блогы
Сабақтың көрнекілігі: Көркем суреттер, орман, жабайы аңдардың суреттері.
Сабақтың барысы:
І Алғашқы ұйымдастыру.
а) балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
ә) психологиялық сәлемдесу.
Біз сіздермен бірге болғанымызға қуаныштымыз.
Біз сіздерге сәттілік тілейміз. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Солдан-оңға

Тақырыбы: «Солдан-оңға»
Мақсаты:
Білімділік: Сан атауын заттарды көрсете отыра сәйкестіруге үйрету.
Тәрбиелік: Бірін-бірі тыңдауға, сыйлауға, шыдамдылыққа, әсемдікке,
ұқыптылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық: Зейін, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сөздік жұмыс: Текше, күлгін
Көрнекі құралдар: 1-5ке дейінгі сандар, көрнекі суреттер.
Технология: «Тәй-тәй» технологиясы
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ –жауап, ойын.

Іс-әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Қызығушылық
және ынталандыру
кезеңдері Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударады. Балалардың көңілін өзіне аудартады. Балалар тәрбиешіге назар аударады.
Іздену және ұйымдастыру-шылық кезеңі Тәрбиеші:Балаларды ортаға шақырып жылулық шеңберін құрады.
- Балалар, қараңдаршы менің қолымда не?
- Иә, гүлдер қандай?
- Қазір мен сендерге бір-бірден гүлдерді таратып беремін, сендер сол гүлді бір-біріне әдемі тілектерінді айта отырып, ұсынасыңдар.
- Ой, менің қолымда көп гүлдер жиналып қалыпты! Рахмет сендерге, балалар! Сендерге осы гүлдер сияқты жайқалып өсіңдер!
- Енді сәлемдесіп алайық.
- Жарайсыңдар, енді орнымызға ақырын ғана барып отырамыз.
- Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс- әрекеті ҚМҰҚ. Тақырбы: Солдан-оңға
Тосын сәт. Айдана жылап кетіп бара жатады. Оны тәрбиеші тоқтатып:
- Айдана бұл сенбісің?
- Иә, мен – Айданамын.
- Балалар, мынау – Айдана!
- Сәлеметсіңдер ме балалар?!
- Айдана сен неге жылап кетіп бара жатырсың?

- Неге?


- Сен балабақшаға бардың ба?
- Болды жылама, бүгін біз балалармен сандарды үйренгелі жатырмыз. Біздің балалар саған көмектеседі.
Балалар сендер Айданаға көмектесесіңдер ме?
- Айдана сен мына жерге балалармен бірге отыр, сабаққа қатыс.
- Балалар мынау қандай сан?
- Дұрыс, ал мынау не?
- Қарбыз нешеу?
- Мынау қандай сан?
- Иә, ал мынау не балалар?
- Ол нешеу?
- Мынау қандай сан?
- Дұрыс, мыналар нелер?
- Олар нешеу?
- Иә, қандай сан?
- Дұрыс, мынау қандай пішін?
- Олар нешеу?
- Дұрыс, қандай сан?
- Иә, мынау не? Олар нешеу?
- Дұрыс, жарайсыңдар балалар! Тағы да менде жақсы, әдемі заттар бар. Мынау не ?
- Менің қолымда неше кітап бар?
- Дұрыс, ал мынау не? Нешеу?
- Иә, ал мынау не?
- Лентаның неше түсі бар?
- Дұрыс, ал мынау нелер?
- Иә, дұрыс бірақ та ол орысша. Ал қазақша ол – текше деп аталады. Қане текше деп айтайық.
- Менің қолымда неше көбелек бар?
- Дұрыс. Балалар текшелер көп пе, әлде көбелектер көп пе?
- Қайсысы аз?
- Енді балалар сендермен қызықты бір ойын ойнайық. «Қай сан жоқ?» атты ойын. Мен бір санды жасырамын, сендер тауып алуларың керек.
Қане, көзімізді жұмамыз.(тәрбиеші бір санды тығып қояды)
Қай сан жоқ?
- Дұрыс, тағы да жасырып көрейін. Енді мен Айданадан сұраймын. Қай сан жоқ?
- Бес
- Дұрыс Айдана. Үйреніп қалдың ба?
- Иә, үйреніп қалдым.
(Ойын осылай жалғасын табады.)


-Гүлдер

- Әдемі
Балалар бір-біріне әдемі тілектерін айтады.

- Рахмет!

- Сәлем саған алтын күн!

Сәлем саған Көк аспан!
Сәлем саған Жер Ана!
Сәлем маған, сәлем саған!
Балалар өз орындарына барып отырады.












- Сәлеметсіз бе?!

- Өйткені мені мектепке алмай қойды.
- Мен сандарды, пішіндерді білмеймін.
- Жоқ, мен барған жоқпын, әйтпесе білер едім.



- Иә, көмектесеміз.

- Жарайды, рахмет!


- Бір
- Қарбыз.
- Біреу.
- Екі
- Бұрыш
- Екеу.
- Үш.
- Қояндар.
- Қояндар үшеу.
- Төрт.
- Дөңгелек

- Төртеу.
- Бес.
- Доп. Доптар бесеу.


- Кітап

- Бір кітап бар.

- Екі жұмыртқа.

- Лента.
- 3 түсі бар. Сары, көк, қызыл.
- Кубиктер.

- Текше.

- Бес көбелек бар.


- Көбелектер.

- Текшелер аз. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Жомарт өлкем

Мақсаты: Музыканы тыңдау, сезіну, сипатын ажырату, динамикасын білу. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілік сезімін дамыту.
Көрнекілігі: Ноталар, нота сызықтары, композитор суреті, музыкалық аспаптар, теледидар, интерактивті тақта
Сөздік жұмыс: Композитор, нота
Билингвальды компонент: Төмен - вниз, жоғары - вверх, үлкен - большой, кіші - маленький
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері: Музыка жетекшісінің іс - әрекеті Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық: Жетеккші балаларды «Көк тудың желбірігені» әнімен (И. Ескендір) қарсы алады. Балалар қолдарына жалаушаларын ұстап, жүріп келіп орындарында тұрып әуен ырғағымен теңселеді.
Туған жердің жырларын
Қызғалдақтай терейік.
Кең өлкенің қырларын
Жүр аралап келейік - өлеңін оқып береді.
Ақын «Туған жеріне» деген әнін осылай жырлаған екен. Ақын М. Әлімбаевтың суретін интерактивті тақтадан көрсетіп, таныстырады.
Музыка тыңдау«Атамекен» Р. Рымбаева теледидардан тыңдату.
- Қане балалар экранға назар аударайық
- Әншіні танимыз ба?
- Қане кім біледі, кім айтады?
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Роза апамыз. Р. Рымбаева «Атамекен» әнін орындап жатыр Балалар қолдарына жалаушаларын ұстап қозғалып тұрады......
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Көрікті қыс

Саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Сурет салу
Мақсаты: Балалардың шығармашылық ынтасын ояту, түсті қағазға дәстүрлі емес тәсілмен жұмыс істеу іскерлігіне баулу.
Дамытушылық: Ұжым сурет салуға үйрету, балалардың шығармашылық қасиеттерін сурет салуға деген қызығушылық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Балалардың табиғатқа деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезім - деріне тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: серуен - саяхат, ғажайып.
Көрнекілігі: қысқы орман көрінісі, сурет салатын түсті қағаз, тіс пастасы, қол сүртетін шүберек.
Блингвалдық компонент: қыс - зима, қар - снег. .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Түстер әлемі

Мақсаты: Балаларға негізгі түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, жасыл. Балалардың түсті қабылдау және түс туралы түсініктерін жетілдіру. Көру арқылы есте сақтау және қиял, ойлау қабілеттерін дамыту.

Шаттық шеңбері:
Ауадан қуат алайық
Алақанға салайық
Күннен жылу алайық
Күннен алған жылуды
Жүрегімізге салайық
Жүректегі жылуды
Бір - бірімізге сыйлайық

1. Есте сақта және боя
Мақсаты: Түс туралы түсініктерін жетілдіру және көру арқылы есте сақтау қабілеттерін анықтау.
Балаларға үлестірме беріледі. Үлестірмедегі алмаларды суретте көргендей қылып бояйды.

2. « Атомдар және молекулалар» ойыны
Мақсаты: қысымды түсіру, топты біріктіру. Сонымен қатар, осы ойын арқылы балалардың өзара қарым – қатынасын бақылауға және көңіл - күйлерін көтеруге болады.
Балалар бөлмеде еркін қозғалады (билеуге де болады) Бірнеше уақыттан кейін психолог: Сендердің әрқайсыларың атомсыңдар, жалғыз жүріп іштерің пысып кетті, сондықтан атомдар екіден бірікті содан кейін үштен және т. б .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Сүт өнімдері

Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Сүт өнімдері»
Мақсаты: Балаларға үй жануарлары және сүт өнімдері туралы айтып, білімдерін жетілдіру. Олардың пайдасы, маңызы, туралы түсінік беру. Балаларға сүт өнімдерін зерттету арқылы ой өрістерін, қиялдарын, саусақ моторикаларын дамыту. Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Алдын - ала жүргізілетін жұмыстар: үй жануарлары және сүт өнімдері туралы әңгімелесу.
Әдіс - тәсілдер: Жылулық шеңбері, көрсету, әңгімелеу, сұрақ – жауап, түсіндіру, тәжірбие жасау.
Түрі: Ойын - зерттеу
Көрнекілік: Үй жануарларының және сүт өнімдерінің суреттері, слайд
Үштілділік компонент: Сиыр - корова - cow; сүзбе - творог - curd; сүт - молоко - milk:
Жылулық шеңбері:
- Кәне, кәне күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйіп не керек,
Ойнап, күліп жүрейік.
Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,
Баршанызға құрметпен бас иеміз біз!
Балалар, қане, енді өз аналарыңыз
сіздерді қалай еркелетеді, айтайықшы? .....
Балабақша сабақ жоспары
Толық

Түстер әлемі

Қатысушылар: ортаңғы тобы.
Мақсаты: Балаларды негізгі түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, сары, көк, жасыл. Балалардың түсті қабылдау және түс туралы түсініктерін жетілдіру. Көру арқылы есте сақтау және қиял, ойлау қабілеттерін дамыту.
Шаттық шеңбері:
Ауадан қуат алайық
Алақанға салайық,
Күннен алған жылуды
Жүрегімізге салайық.
Жүректегі жылуды,
Бір - бірімізге сыйлайық
І. Ойын.»Пойыз»
ІІ. «Есте сақта және боя».
Мақсаты: Балалардың түс туралы түсініктерін жетілдіру және көру арқылы есте сақтау қаблеттерін анықтау. Балалар үлестірмедегі алмаларды суретте көргендей етіп бояйды.
ІІІ. Ойын. «Атомдар және молекулалар».
Мақсаты: Қысымды түсіру, топты біріктіру. Осы ойын арқылы балалардың өзара қарым - қатынасын бақылауға және көңіл - күйлерін көтеруге болады.
Балалар бөлмеде еркін қозғалады (билеуге де болады).
Психолог: Сендердің әр қайсыларың атомсыңдар. Жалғыз жүріп іштерің пысып кетті, сондықтан екіден, содан кейін үштен бірігіңдер......
Балабақша сабақ жоспары
Толық