6 Қазан - Есепші (Бухгалтер) күні

6 Қазан - Есепші (Бухгалтер) күні

Дебит, кредит құлағында ойнаған,
Есепшілер мерекесін тойлаған.
Мерекеңіз құтты болсын әрқашан,
Арманыңыз орындалсын ойлаған.

Кіріс, шығыс есептеп,
Сандары сөйлер кесектеп.
Есепші деген мамандық,
Сандарды жүрер жетектеп.
Ел ауқатын көтеріп,
Ерлікті істер етелік.
Есепшіге зор құрмет
Ететін күнге жетелік.

Мамандықтың бәрі керек, пайдалы
Есепші апай білімді де, жайдары.
Мерекеңіз құтты болсын бүгінгі,
Сізде болсын өмірдің бар тойлары.


Бухгалтер күніне тілектер жинағы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?