Ер-азаматтарға, жігіттерге

Ер-азаматтарға, жігіттерге

 Француздар «әйелдің кішкене кемшілігін кешіре білмеген еркек әйел затының жан дүниесі сұлулығы сыйлайтын рахатынан мақұрым қалады» дейді екен.
Әйелді қадірлеп, түсіне білетін, сүйе білетін, кішкене кемшілігін кешіре білетін, жүрегі кең, жаны жомарт ер-азаматтарымыз аман болсын! 




Ер азаматтың орны қашанда бөлек. Олардың күш-жігеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады да! Сондықтан да халқымыз «жердің қорғаны, елдің тұтқасы» деп ерекше ардақтаған. Ал ақын Мұхтар Шаханов:
...Жердің аман тұрғандығы,
Сол намысқой еркектердің арқасы....
немесе
...Қайғы келсе жеңілмейтін,
Бақыт келсе, семірмейтін,
Ер мінезін қадірлейтін,
Еркектердің даңқы артсын! – деп жырға қосқан.
Арыстан келбетті, жолбарыс жүректі, қырандай қырағы, намысқой, ер мінезді азаматтарымызға жігерлеріңіз мұқалмасын, асқақ шыңдарды бағындырып, қонар тұғырларыңыз биіктей берсін дегім келеді.




Қажетті сілтемелер:



Әйелі күйеуінен:
– Мен ұрыса бастағанда сен неге сағатқа қарай бересің? – деп сұраса күйеуі:
– Қымбаттым, кім бірінші тоқтайды екен – сен бе, әлде сағат па деп қараймын, – деп әзілдей жауап беріпті.
Осындай әзілі мен шыны ылғи да қатар жүретін, жүрегі кең азаматтарымыз үшін!




Өмір деген сынақ пенен бақыттан
Жаратылған зымыраған уақыттан
Ерің болса тіреп жүрген жаныңда
Нәзік жан боп қуанарсың шаттықтан

Ер адам боп жаралады өмірде
Нағыз «ер» боп қала бермес бәрі де,
«Қазақ ері» батыр, әрі батыл да,
Абыройлы жігіт деген аты да.

Әйел адам екі саты төмен боп,
Ер адамды сыйлап жүрсе өнеді.
Отағам деп қадірлесе өмірде
Мерейі мен абыройы өседі.



Қажетті сілтемелер:



Әке көрген оқ жонар деді бабамыз,
Аман болсын аялаған панамыз,
Қабағыңа қарадық, әке ренжітпей,
Біз ұшсақ та, жаның да жүрсін анамыз.




Аялап аға жүрер қарындас деп,
Жаным деп, айналайын, қарлығаш деп.
Інің жүрер әпкетай жылама деп,
Сырласар өзіңменен жаныңа кеп.

Өскенде гүлдей жайнап, бағың жанар,
Адал ер - бақыт құстай қолға қонар,
Жаныңда қадірлі нағыз ерің болса,
Көңілің інжу-маржан сөзге толар.

Жігіттер, жүректерің таза болсын,
Жолдарың биік-шыңға ашық болсын.
Егіз бір қозыдай боп бақ-дәулетің,
Өмірің толысқан бір бақыт болсын.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. азаматқа
    азаматқа 27.02.2021 14:07
    3 + 3 -
    Мен керемет ер азаматты құттықтаймын және шын жүректен өмірде керемет күш пен сәттілік, өшпес оптимизм мен өзіне деген сенімділік, сәтті қызмет пен үлкен жеңістер, әдемі істер мен адал махаббат тілеймін.

    ------------------------

    Керемет адам мен батыл адамды шын жүректен құттықтаймын. Мен үлкен мақсаттар мен үлкен жеңістерге тегіс және мейірімді жол тілеймін, мықты күш пен мықты денсаулық тілеймін, жолда жарқын сәттілік пен жүректің өшпес сүйіспеншілігін тілеймін.

    ------------------------

    Ер адам. Бір сөздің мағынасы қаншалықты көп. Батылдық, сенімділік, қолдау, қорғаныс, күш, мейірімділік, достық, жауапкершілік. Барлығы тізімде жоқ. Бұл қасиеттердің барлығы сізде бар. Осы ішкі байлықтың жылдар өткен сайын артып келе жатқанына тек денсаулық тілеймін.

    ------------------

    Бүгін біз нағыз ер адамды көреміз және оны мерекемен құттықтай алатынымызға қуаныштымыз! Сізге ешқашан шегінбеуді, табанды, мақсатты, жақын адамдарыңызбен жұмсақ болуды және достарыңызға адал болуды тілейміз!