Қазақша Құттықтау - тілек: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Құрбы қыздарға) » ZHARAR



  • »

Қазақша Құттықтау - тілек: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Құрбы қыздарға)

Қазақша Құттықтау - тілек: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Құрбы қыздарға) казакша Қазақша Құттықтау - тілек: 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күні (Құрбы қыздарға) на казахском языке

Көктемнің алғашқы күндерімен бірге көңілге қуаныш ала келетін 8 наурыз мерекең құтты болсын. Көктемнің бар гүлі, көңілдің сазды үні тек саған арналсын. Жаныңа жылылық, жүрегіңе ұлылық берсін. Әмәнда аман-сау, көңілді болғайсың.
Қыз күніңнің қызғалдағы болғайсың,
Жүз ғұмырдың ізгі арманы болғайсың.
Бар қазаққа биік тұмар болғайсың,
Ханзадаға сүйікті жар болғайсың.
Мерекелі, жаның әппақ болғай шын,
Берекелі шаңыраққа қонғайсың.

Аяулы құрбыжан, Сізді бүгінгі 8 наурыз төл мерекеңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін! Әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрғандарыңыз үшін Сіздер қашанда өздеріңіздің сыйлы, сүйікті, қадірлі екендеріңізді, Сіздерсіз мына дүние бос екенін ұмытпағайсың.
Әйелсіз-ақ күн кешем деу далбаса,
Жігіт болсаң жар табуға қам жаса!
Ол бар жерде сен өзіңді зор сана,
Ол бар жерде басқа бақыт аңсама! Сендерсіз жер бетінде бақыт та болмас! Тағы да 8 наурыз мерекесі құтты болсын!

Өмір саған жылы сөзін арнасын,
Қайғы-мұңға жүректе орын болмасын.
Жанарыңнан күн күлімдеп әрқашан,
Ай мен жұлдыз кеудеңе кеп орнасын.
Мынау жарық жалғанның Ай мен жұлдызы, мерекең құтты болсын! Болашағың жарқын, күндерің көңілді, ғұмырың ұзақ, махаббатың ләззатті болсын. Қашанда Қазақ дейтін қара ормандай халқыңның ай маңдай аруы болып, аман жүргейсің.

Әйел сенің ақылшың да айбарың,
Ол барында естімейсің қайғы әнін.
Әйел сенің күзетшің де сақшың да,
Әйел сенің мерекең мен мейрамың.
Бір өзінде барлық үміт, бар арман,
Жеңбей қоймас нұрлы жанар қадалған,
Барлық гүлден жұпар жинап бойына
Әйел күннің шуағынан жаралған.
Сіздер барда ер-азамат атаулыға әр күн мереке, әр күн мейрам, әр күн біз үшін қуаныш пен шаттыққа, береке мен мерекеге толы. 8 наурыз мерекең құтты болсын. Күндей күлімдеп, жаздай жадырап, гүлдей құлпырып аман-сау жүргейсің.

Дүниеге қан тамырдай тарайтын,
Жер бетінде әйел жайлы ертек көп.
Әйелдерге немқұрайды қаратын,
Еркекті мен санамаймын еркек деп.
8 наурыз мерекесі құтты болсын. Жер бетіндегі сұлулық атаулының қайнары, жігіттік намыс атаулының айбары өздеріңнен басталмақ. Сол үшін де дәл бүгін ғана емес, жылдың толық күнінде азамат атаулы өздеріңнің дендеріңе саулық, күндеріңе көңілділік тілейді. Бақытты болуға, бүкіл адамзат атаулыны бақытты етуге тиіссіздер. Ғұмырың жарқын болсын!



Құрметті қолданушы, Сіз сайтқа тіркелмеген қолданушы ретінде кірдіңіз.
Біз сізге тіркелуді немесе өз атыңызбен сайтқа кіруді ұсынамыз.
Рейтинг:
(голосов: 14)

.



Жарнама

. .