• »

Қазақша тақпақ: Күз, Алтын күз

Қазақша тақпақ: Күз, Алтын күз казакша Қазақша тақпақ: Күз, Алтын күз на казахском языке

Қарашы күз келді, күз келді
Жапырақ жауыпты іздерді.
Құс біткен керуен тізеді,
Қара бұлт қабағын түйеді.

Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Алтын күз

Қоңыр салқын тарады
Қойнаулар мен сайлардан,
Қаздар қайтып барады,
Қайтқан елдей жайлаудан.

Соңғы шуақ төгіліп,
Жалқынданып тұр аймақ.
Ақ сәулеге шомылып,
Жапырақтар жүр ойнап.

Көктен көзін бір алмай,
Қызғылт тартты кәрі құз...
Жер қызығын қия алмай,
Маужырап тұр сары күз...


Санат: Қазақша Тақпақтар жинағы
Құрметті қолданушы, Сіз ЖАРАР сайтына тіркелмеген қолданушы ретінде кірдіңіз.
Біз сізге тіркелуді немесе өз атыңызбен сайтқа кіруді ұсынамыз.
Рейтинг:
(голосов: 71)

Жарнама


. .