Көктем туралы тақпақтар


Жасыл көктем келеді
Самал беттен өбеді.
Көкте бұлттар көбейсе
Мөлдір тамшы төгеді.

Тамшы,тамшы,тамшылар
Көгерді ағаш, тал шынар.
Тамшылардан өнетін
Тамаша гүлдер бар шығар.


Қарап көріңіз:



Көктем болды алақай,
Қуанар барлық балақай.
Көктемде жаңбыр болады,
Бақшаға гүлдер толады.

ОҚО, Мақтарал ауданы, Игілік ауылы
"Т.Аубакиров атындағы ЖОМ"
2 "Ә" сынып оқушысы: Бекмуратова Ұлмекен Боташқызы
Сынып жетекшісі: Полатова Айгуль Жамантаевна


Бақшаларға гүл егіп,
Жемістерді тереміз.
Дала жасыл түске еніп,
Көктем мезгілі келіпті.


көктем, тақпақ, тақпақтар, жыл мезгілдері, 8 шумақ, қысқаша тақпақ, 4 шумақ


Алматы облысы, Панфилов ауданы
"Кішішыған орта мектебі мектепке дейінгі
шағын орталығымен" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
3 «а» сынып оқушысы: Құрманбай Мархаба
Жетекшісі: Ағыбаева Айгерім Қуандыққызы


Кун шуағын шашады,
Жауын да жауып алады.
Көктем келіп жеткенде,
Ағаштар бүршік жарады.

Көлде аққу, көкте қаз,








Орман
да бұлбұл сайраған.
Көптен күткен көктем кеп,
Құлпырып дала жайнаған.

Сұлу көктем


Бүршік
шашып, жапырақ ашып,
Даланы гүлдер басады.
Сұлу көктем есігін ашып,
Шуағын бізге шашады.

Көктемгі қуаныш

Ақтөбе қаласы
№41 жалпы білім беретін орта мектебінің
2 «а» класс оқушысы: Сенбиева Аяулым Тұрлыбекқызы
Сынып жетекшісі: Добрашева Клара Әмірешқызы


Көктем келсе табиғат құлпырады,
Жүректерге ғажайып сыр тұнады.
Гүлге толып айнала күн жарқырап
Жанарларда қуаныш нұр тұрады.


«Ақтөбе орта мектебі» ММ
3 «а» класс оқушысы
Сериков Арсен Нуркельдиевич
Класс жетекшісі: Маханова Баян Аманбаевна


Көктем келді,күн шығып,
Айлар,күндер тұр күліп.
Тура анам секілді,
Мейрімді боп тұр күліп.

Бақшаларға гүл егіп,
Жемістерді тереміз.
Дала жасыл түске еніп,
Көктем мезгілі келіпті.
Бекмуратова Ұлмекен Боташқызы

Көктем сыры

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы
ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің
2 «A» сынып оқушысы: Телман Нұрай
Сынып жетекшісі: Лукпанова Лайлим Сериковна


Көктем келді, көктем келді.
Жадыраған жайнаған.
Шашыраған сәулесімен,
Жасыл көктем сайраған.

Самал беттен өбеді,
Көкте бұлттар көбейді.
Құстар да жетер ән салып,
Көгілдір нұрға тамсанып.

Ақтөбе қаласы
№41 жалпы білім беретін орта мектебінің
2 «а» класс оқушысы: Ибадулла Мұстафа Ғарифуллаұлы
Сынып жетекшісі: Добрашева Клара Әмірешқызы


Көктем келіп қуандым,
Құрал-сайман қолға алдым.
Ұямды мен салайын,
Ұрпағымды жалғайын!


Шуақты көктем

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық селосы
«Құлыншақ» балабақшасы «Гүлдер» тобының
Тәрбиеленушісі: Акимова Сабина Амантайқызы
Жетекшісі: Қалиева Гүлбаршын Кабисалимовна


Жадыраған көктем келді,
Жер анамыз көктер енді.
Ағаштарда бүршік атып,
Жасылданды бөктерлерде.

Наурыз келді-жыл келді
Табиғатта өзгерді
Тіршіліктің иесі
Жылулықты сезгендей.

Көктем келді

Белқопа орта мектебінің
4 сынып оқушысы: Аманкелдина Шаттық Нұрбекқызы


Көктем келді тамаша
Далаға бір қараса
Бұлбұл құстар сайрайды
Күн шуағын төгеді
Менің туған жеріме
Тең келмейді ештене.

Бердібай Гүлнұр Сұлтанбекқызы
ОҚО,Мақтарал ауданы, Игілік ауылы,
"Т.Аубакиров ЖОМ" 2 "Ә" сынып оқушысы.
Сынып жетекшісі: Полатова А.Ж.


Көктем келді жеріме,
Бақ әкелсін еліме.
Күн күлімдеп көгімде,
Шуақ шашсын төгіле.

Көктем күні әдемі

Алматы обылысы, Іле ауданы, Қараой ауылы
Ы.Ноғайбаев атындағы №18 орта мектебінің
2 «Б» сынып оқушысы: Тұрсынбай Ержігіт
Жетекшісі: Керимова Нургуль Нукеновна


Көктем күні әдемі,
Жерде гүлдер өскенде.
Көктем күні әдемі,
Жерде шөптер өскенде.
Көктем күні шуақты,
Гүлдер, шөптер қуатты.
Ешкі, төлдер туады,
Барлық бала қуанды.

№49 жалпы білім беретін мектебінің
Мектепалды даярлық класының оқушысы Әлби Мирас Мұратұлы
Тәрбиеші: Елеусінова Маржан Әбуқызы


Көктем келді өлкеме,
Табиғатым тамаша.
Гүл қаптады бөктерді,
Нұрға толды айнала.

Бүршік жарып ағаштар
Құстар ұя салады.
Сылдыраған бұлақтар
Ағып бара жатады.

Көктем келді құлпырып,
Арықтардан су ақты.
Мал төлдеді мыңғырып,
Бәйшешектер гүл ашты.

Жан – жануар оянып,
Бақта бұлбұл сайрайды.
Жасылға талдар боянып,
Егінші кетпен сайлады.



Пайдалы сілтемелер:


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 7
  1. Оқырман Айгул
    Оқырман Айгул 15.03.2021 21:22
    5 + 8 -
    Маган унамады
  2. Оқырман Айдана
    Оқырман Айдана 12.01.2021 01:06
    7 + 6 -
    Керемет тақпақ
  3. Анау
    Анау 04.01.2021 07:24
    4 + 4 -
    маган коктем туралы такпак унады оооооураааа
  4. Ырыс
    Ырыс 03.01.2021 06:18
    5 + 5 -
    Көктем туралы тақпақ күщті ???
  5. Жанбай Узденбаев
    8 + 2 -
    Көктем неге өкпелі? Мына жылдың көктемі Айтшы неге өкпелі? Құшақ жайған кеудемнен Өтіп кетті өкпегі. Мұнар сәлде асудың Мұрты сүңгі, ашулы; Ала тонға басулы Бәйшешектер шашуы. Жамылғысы – мұздағы, Көктем әлі ызғарлы. Желбіреп бір шыға алмай Мысы кетті қыздардың. Мұңлықтардың сырласы, Махаббаттың құрдасы Қайың неге бас шайқап Тақпай жатыр сырғасын? Көктемеде қауышып, Әнге бөлер тау ішін Естілмейді достардың Көптен бері дауысы. Еске түссе өткенім, Сезімдердің өткелі- Жайма шуақ келетін Бұрынғының көктемі. Өзденбаев Жанбай Шүйіншәліұлы
  6. Майра Куанышбайкызы
    7 + 7 -
    сссссссссссссссссссссссссссссссс уууууууууууууууууууууууууууууу ппппппппппппппппппппппппппп ееееееееееееееееееееее рррррррррррррррррррр
    1. Оқырман Анель
      Оқырман Анель 29.02.2024 19:33
      2 + 0 -
      7+5-4=8