Жаңа жыл

Жаңа жыл

Жаңа жыл туралы көпшілігіміз біле бермейміз. Ол мейрам қайдан шықты, кімдер тойлаған еді және жаңа жылмен христиан дінінің қатынасы бар ма?. Қала берді жаңа жыл туралы мұсылмандар қандай ойда немесе ол мейрамның мұсылмандарға қаншалықты қатысы бар?

Алдымен айтармыз: Кеңес Одағында 1927-1936 жылдары жаңа жылды тойлап, шырша тігуге тыйым салынған болатын. Тек 1937 жылы ғана Сталиннің бұйрығымен 1 қаңтарда шырша тігіліп, жаңа жылды тойлауға рұқсат берілді. 1937 жылға дейінгі шыршалардың басында 8 бұрышты жұлдыз болған, тек 1937 жылы Кеңес Одағының үкімі бойынша 8 жұлдыздың орнына 5 жұлдыз қолданылатын болды.

Рождество Христово мен жаңа жылдың шығуы туралы қысқаша мәліметтер берер болсақ:

Бірінші ғасырда, яғни, Милади жыл санағы бойынша, христиан діні пайда болған кезде, діннің екі жауы болған. «Үштік», яғни Құдайды үшеу деп білген митраизм түріндегі язычниктер және монетизмді уағыздайтын юдаизм. Язычниктер Құдайды үшеу деп үштік түрінде уағыз ететін. Енді сол үштік сенімді уағыздайтындардан мысал келтірейік.

Вавилондық үштік – Ану, оның баласы Энлиль және Энки. Римдік үштік – Юпитер, Юнана және Минерва. Семиттік үштік – отец, сын и мать яғни әке, шеше және бала. Бұлардан басқа индуистік – Брахма, Вишну және Шива. Парсылардың Ормузд, Митра, Ахриман және Египеттік Осирис, Исида және Гор немесе Эмпефт, Эйктион, Пта деп те аталады. Халдейлік Бел-Сатурн, Бел-Юпитер (сарапшы), Бел-Хом (Аполлон). Соңғы үштік үшеуі қосылып ұлы Құдай деп аталады. Бұл үштіктердің барлығы христиан дініндегі үштіктермен тұп-тура келеді. Әсіресе Буддалықтардың үштіктері сай келеді. Буддалықтардың үштіктерін айтып өткеніміздей Брахма, Вишну және Шивадан құралады. Брахманы әке деп атайды. Вишнуды пастырь және пророк деп көреді. Ал Шиваны иләһи руһ деп ойлайды. Бұл үштік «Тримутра» орыс тіліне тройца деп аударылады. Олар бұл үштік терең құпия деп түсінеді. Құпия болғаны себепті оны ешкім білмейді және түсінбейді дейді. Бұл құпия адамзат баласы әлемдік дух Брахматмамен қосылған кезде ғана біледі дейді.

Бұл атап өткен үштіктеріміз Жерорта теңізінің жағалауында Христиан дінінен бұрын пайда болған. Барлығыда бұл үштікті құпия ретінде санайды. Христиан діні пайда болған кезде осы діни ағымдар өздерінің діни сенімдерін христиан дініне кіргізіп, оны да өздерінің қатарына қосып алған.

Сіздерге түсінікті болу үшін мысал келтірейін: Егер жас қозы қасқырлардың арасына түссе не болады? Міндетті түрде қасқырлар қозыны талан-таражға салып жеп қояды. Сол сияқты христиан діні де жас баладай дүниеге келген кезде оны басқа сол кездегі діни ағымдар жеп қойған және өздері жаңа дінге өзгерістер енгізген.

Иса а.с. Масихті христиан әлемі Құдай деп таниды. Сол сияқты Митра да парсы құдайы, Осирис Египет құдайы, Вакх грек құдайы, Кришна Индия құдайы, Будда буддизмнің негізін салушы оны да құдай деп есептейді. Заратустра Зарасторизмнің негізін салушы. Бұлардың барлығы да құдай деген атауға ие. Бұлардың туылған күндерінде де ұқсастықтар бар. Барлығы сол желтоқсанның 25-де дүниеге келген екен.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Дулат
    Дулат 26.11.2020 22:53
    1 + 1 -
    Шыгарманыз кушти, мен 5 алдым рахмет
  2. Есен Рахимов
    Есен Рахимов 16.01.2015 20:37
    1 + 0 -
    жана жылдарынмен