7 мамыр - Отан қорғаушылар күні (Ерлер - жердің қорғаны, елдің тұтқасы)

 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні (Ерлер - жердің қорғаны, елдің тұтқасы)

Армысыздар, ардақты азаматтар,
Отбасының тірегі, елді бастар.
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ-береке әкелсін отбасыңа!
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Бүгінгі 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздердің құрметтеріңізге арналған мерекелік дастархан басына қош келдіңіздер!

Ағалар біздің кең арқау асқарымыз,
Жолын қуар солардың жастарымыз.
Абзал жанды ақылгөй ағаларға
Ілтипатпен иілген бастарымыз.
Еңбектерің жемісті қиыр шың боп,
Шапағатты шуақ - нұр құйылсын көп.
Шын жүректен құттықтап біз тілейміз:
Бар жақсылық, бар бақыт бұйырсын деп.

Ән. Гүлдерайым.

Бүгінгі мерекелік кештің сөз кезегін лицей директоры Е.Алиевке береміз.
Бүгінгі кешіміз 5 топқа бөлінген қыз-келіншектеріміздің ерекше сипатқа ие игі тілектері мен өнерлерін көрсетумен, сонымен қатар әр топ өздері дайындаған ойындарын ойнатумен жалғасын табады.
Меңгертетін бейімдеп мамандыққа,
Үйрететін жақсылық, адалдыққа,
Балғын жасты баулитын болашаққа,
Зор құрмет, ұстаз - ер-азаматқа!
Бүгінгі сый-құрмет тек сіздерге арналады. Сондықтан 1-стол басындағы қыз-келіншектердің дайындаған мерекелік тартуын қабыл алыңыздар!

1. Ерекше тілек.
2. Өз өнерін көрсету.
3. Ойын ұйымдастыру.

Бүгінгі мерекеде жар салады,
Құрметтеп замандасын қарсы алады.
Қуаныш жырға бөлеп жүректерін,
Билейді, ойнап күліп, ән салады.

2-стол басындағы қыз-келіншектер тартуы.

Ер-азаматтардың орны қашанда бөлек. Олардың күш-жігеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады да! Сондықтан халқымыз «Жердің қорғаны, елдің тұтқасы» деп ерекше ардақтаған. Ал ақын Мұхтар Шаханов:
...Жердің аман тұрғандығы,
Сол намысқой еркектердің арқасы...
Немесе
...Қайғы келсе жеңілмейтін,
Бақыт келсе, семірмейтін,
Ер мінезін қадірлейтін,
Еркектердің даңқы артсын!- деп жырға қосқан.
Арыстан келбетті, жолбарыс жүректі, қырандай қырағы, намысқой, ер мінезді азаматтарымызға жігерлеріңіз мұқалмасын, асқақ шыңдарды бағындырып, қонар тұғырларыңыз биіктей берсін!

Келесі кезекті 3-столдағы қыз-келіншектердің игі тілектеріне берелік.

Жігіттерді мақтаймыз да, даттаймыз,
Жүректегі жалын отын сақтаймыз.
Олар қате істер істеп жатса да,
Бетке шауып онысын да айтпаймыз.

Сүйіп қалсақ, солар жайлы ойлаймыз,
Қасты түзеп, көзді, шашты бояймыз.
Кешке таман кеш келіп жатса дағы,
Тамақ жасап, кірін жуып баптаймыз.

Осы қыздар неге солай жасаймыз?
Көбін олар, азын біздер асаймыз.
Ұл туылса той жасаймыз дүркіреп,
Ал қыз болса шағымдана бастаймыз.

Ішіп келсе, сорпасын да дайындап,
Ақырын сөйлеп, сөзімізді пайымдап,
Жігіттердің көңіліне жағам деп,
Кетеміз ғой шаршы жерге қайыңдап.

Жұмысына кедергі де болмаймыз,
Ұялыдан іздеп маза алмаймыз.
Шаршап келсе алдынан шығып тағы да,
Есі жоқтай өтірік күліп алдаймыз.
Ер-азаматтар сіздер аман болыңыздар!

Келесі кезекті 4-стол басындағы қыз келіншектерімізге береміз.

Ән.
Ертеде жаугершілік жиі болатын кезде , қазақтың екі жауынгері төс қағыстырып дос болыпты. Екі достың біреуі тұтқиылдан тиген жаудың қолына түседі. Досының қолға түсіп қалғанын естіген екінші батыр күздің қара суығын елеместен өзенді малтып өтіп, жау жатқан жағаға келеді.
- Мен қолдарыңа түскен бір жауынгерге құн төлеп, сатып алуға келдім. Менің оған айырбасқа бере малым да, мүлкім де жоқ. Бір-ақ нәрсе беремін. Ол – өзімнің өмірім. Досымды босатыңдар,- дейді.
Қолбасы ойланып отырып, оны сынамақ болады.
- Жарайды, мен сені қыршыныңнан қимай-ақ қояйын. Маған сол өміріңнің бір бөлшегін берсең болады. Ол – сенің көзің, мен сенің екі көзіңді ойып аламын!- дейді.
- Ол да болсын, көзімді тезірек ал да, досымды тезірек босат,- дейді жігіт.
Сөйтіп әлгі жауынгер тұтқыннан босаған досының иығына қолын артып, зағип күйі қуанып, күлімдеп келе жатады. Мұны көрген жаудың қолбасшысы:
- Мынадай ерлері бар халықты тұтқиылдан келіп бас салмаса, бетпе-бет ұрыста жеңу қиынға соғады екен, - деп түйіпті.
Біз сіздерге осы достардың достығындай достық пен ауызбіршілік, адалдық тілейміз.

5-стол басындағы қыз-келіншектеріміздің мерекелік тартуын қабыл алыңыздар!

Француздар «Әйелдің кішкене кемшілігін кешіре білмеген еркек әйел затының жан дүниесі сыйлайтын рахатынан мақұрым қалады» дейді екен.
Әйелді қадірлеп, түсіне білетін, сүйе білетін, кішкене кемшілігін кешіре білетін, жүрегі кең, жаны жомарт азаматтарымыз аман болсын!
Бата беру.
Қорытынды сөз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі