1 Қазан - Халықаралық қарттар күні (Қарттарым – асыл қазынам)

 1 Қазан - Халықаралық қарттар күні (Қарттарым – асыл қазынам)

Опашова Жанагул Жалеловна
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы
№162 орта мектеп.


Көрнекіліктері: 1.Интерактивті тақтадан слайд- шоу, буклеттер.
2. Қанатты сөздер: «Қарты бардың- қазынасы бар»,
«Ата- анаңды құрметтесең, сен де сондай игілік көресің»
«Ақиқатты айқындап жариялар, бара жатыр азайып қариялар»
1 қазан — Халықаралық қарттар күні. Мерекелеріңіз құтты болсын! қадірлі қонақтар !
Бала тәрбиесіндегі маңызды саланың бірі- оларды сыйластыққа, ізеттілікке баулу, үлкендер мен қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу екені белгілі. Бүгінгі «Қарттарым- асыл қазынам» атты кездесу кешіміз ашық деп жариялаймыз.
Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар.
Психологиялық тренинг. 10 сынып оқушылары.
Бақытты отбасы- келешек кепілі,
Тәрбие — бұл жұмбақ шешімі.
Үйрету, үлгі ету, өнеге көрсету-
Әрқашан үлкендердің міндеті.
-Сөз. Ауыл әкімінің міндетін атқарушы, бас маман Жанболаттегі Ерсұлтанға беріледі.
-Көркем сөз. «Қара шал» оқитын Жанболттегі Іңкар 8 сынып оқушысы.
Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен баланың тілін сындырады, ана тілін игеруге көмектеседі. Көшеде, жүрген ортада үйренген қолайсыз сөздерге тыйым қояды. Бұның бәрі тәрбие. Ауылымыздың үлкен қариялары бар ықыласы мен мейірімін төгіп келіп отыр.
— Сөз кезегі ардақты да, аяулы Жұрқабаева Назым әжеге беріледі.
ӘН. «Асыл әжем» орындайтын: Абдірашитова Ақтөре 11 сынып оқушысы.
Ұл- қызымыз көбейсін отбасында,
Тірек болар бір- біріне қайда да.
Үлкендері-кішілерге қамқоршы,
Ал кішісі- үлкендерге көмекші.
Көше кезіп, бостан- босқа сенделтпе,
Араластыр ерте бастан еңбекке.
Өз ұрпағың болсын десең бақытты,
Жол көрсетіп, бірге өткіз уақытты.
-Оқушылардың бүгінгі қадірлі қонақтарға арнауы. 8 сынып оқушылары.
-ӘН. «Апатайым, анашым» орындайтын 1 сынып оқушысы: Темірханова Ақгүлім
Ардагерлер ардақты асыл жандар
Шәкіртімен мерейі тасығандар
Білімнің сәулесі мол нұр көшінде
Шуақ боп, шапағат боп шашылғандар
-Сөз ардагер ұстаздар Бижанов Әлібек ағай мен Исаев Амангелді ағайға беріледі.
ӘН: «Әке туралы жыр» орындайтын Тұрмағанбетова Аружан 5 сынып оқушысы.
Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген
Шәкірттерін сүйген таза көңілден
Тағылым беріп жас ұрпаққа қашан да
Өз соқпағын тапқан мынау өмірден
Ізгілікті он бойына жинаған
Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған
Тәрбиелеп жаңа адамын Отанның
Ардақтысы болған елдің мұғалім
-Сөз кезегі ардақты да ардагер ұстаздар Шүкірова Хадиша апай мен Кенжеғұлова Күлан апайға беріледі.
-ӘН: «Анашым» орындайтын Қабылова Жансая 2 сынып оқушысы.
БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 қазанды Халықаралық қарттар күні деп жариялады. Тоқсаныншы жылдардың басында Еуропада, бері келе Америкада кең атап өтілетін мереке, жылдар өте әлем бойынша тойлана бастады. Биыл міне, Халықаралық қарттар күні мерекесіне 22 жыл толғалы отыр.
Дүниеге келер бір рет
Дария кеуде тау – мүсін
Құрыштай күйген құдірет
Қарттарым, аман –саумысың?
Өздерің болсаң жанында
Ел іші жомарт, еңселі
Дән исі сіңген қанында
Даламның бір-бір бөлшегі
-Сөз ауыл имамы Мүсілімов Қыдырқожа атаға беріледі.
Ұстаздық пен шәкірттік адам баласы ара-қатынасының ең абзал, ең мағыналы, ең мәнді түрі. Шәкірт бойына қуат, жанына жаныған жігер біреуден еш аянбаған ардагер ұстаздарымыздың ұстаздың қасиетті жас буындағы ұстаздар үшін үлгі болатындығы айқын.
Аса құрметті ардагер ұстаздар, қариялар! сіздер қандай да сый- құрметке болса да лайық жансыздар. Сіздердің өнегелі өмір жолдарыңыз бүгінгі ұрпаққа қайталанбас үлгі.
-Оқушылардың бүгінгі қонақтарға қоятын сұрақтары болса .......
Шәкірттердің тыңдап жазып, сұрағын
Жас сынаға төгіп білім шуағын
Хат танытып, жол сілтеген өмірге
Барша жұртқа құрметті ол мұғалім.
Қорытынды сөз мектеп директоры: ........ына беріледі.
Шәкірттерін еліне абыройлы, халқына сыйлы, адал, шыншыл азамат етіп шығарамын деп, әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшасын қатайтып еңбек еткен ардагер ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Осындай халықтың ыстық ықыласына бөленіп, еңбек еткен ардақты ұстаздарымызға зор денсаулық отбасы
ларына амандық тілейміз.
Қарттар
ымызды ардақтап өтейік! оларды сыйлап, қадірлеңдер! олай болса, алдағы өмірлеріңде жүрегі кең, адал, мейірімді, қайырымды азамат болып өсіңдер! Қарт
тардың алдында әрқашанда бас иіп тұрыңдар! Енді бүгінгі кездесу кешімізде қадірлі қонақтарымыздан бата алып, шарамызды аяқтаймыз!
Сұрақтар :
1.Балаға берілетін адамгершілік білімі дегеніміз не? Оны қашан, қай уақытта бастауға болады?
2. Адами құндылықтарды шынайы оқыту дегеніміз не?
3. Қазіргі жастардың тәрбиесіндегі олқылықтарға кімді кіналар едіңіз?
4. Қазіргі кезде діни қақтығыстар мен әлемде болып жатқан дін жағынан келеңсіз жағдайлар туралы не айтасыз?
5. Ауылдағы үлкен мешітке ауыл қарттары неге аз барады? Мектеп жасындағы балаларды мешітке барып, жұма намазға баруға ықпал ету үшін қандай шаралар жүргізіп жатырсыздар?
6. Әже тәрбиесі мен ана тәрбиесі арасындағы ұқсастық пен айырмашылықтар қандай?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!