Балабақша | 1 Қыркүйек - Білім күні (Сыңғырла, күміс қоңырау)

 Балабақша | 1 Қыркүйек - Білім күні (Сыңғырла, күміс қоңырау)

Сценарий аты: 1 қыркүйек - Білім күніне арналған балабақшаға сценарий
Мақсаты:
1. бүлдіршіндерге Білім күні мерекесінің мән - мағынасын ұғындыру;
2. сахналық мәдениетін қалыптастыру;
3. мерекелік көңіл - күй сыйлау.

І.«Көңілді балалар»биі орындалады.
ІІ. Ән «Күмбірле, қоңырау»
Ортаға тәрбиеші мен кіші топтың бүлдіршіні шығады.
Бала: Балабақша есігін
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсірді бізді бақшамыз.
Бұл - екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз осы үйдің сәніміз,
Біз осы үйдің гүліміз.

Тәрбиеші: Қош келдіңіздер, құрметті ата - аналар, балалар, барша қонақтар!
Бүгін - 1 қыркүйек - білім күні. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Тәрбиеші: Биіктерге бастайтын асқаралы
Әр жүректің сүйікті, асқақ әні
Мерекеде бәріміз бір дауыспен
Шырқайық бақшамыздың әнұранын!
Балабақша әнұраны
Тәрбиеші: Бүгінгі білім күні мерекесімен құттықтау құрметі «Ақбота» шағын орталығының әдіскері _______________ұсынылады.
Құттықтау сөз
Тәрбиеші: Білім бастауы - балабақшада. Ендеше бүгінгі мерекеде тағы бір
әнімізді балабақшамызға арнайық!
Ән «Бақытты баламыз»
Жеке ән «Мен әдепті баламын»
Тәрбиеші: Енді біздің балалардың білім алудың маңызына
байланысты айтарларын тыңдап көріңіздер..
Білім керек бәріне!
Ф. Оңғарсынова
Корабльді басқарып
Көк жүзіне самғасам
Тауды бұзып, тас жарып

Мұхиттарды жалғасам
Таңдандырар бар елді
Ғажап үйлер сала алсам
Жасартатын әжемді
Дәрі де ойлап таба алсам....
Сырлары көп ғылымның
Шешілмеген әлі де
Тереңдігі білімнің
Керек екен бәріне!

Білім
М. Ибраемова
Білім - менің ертеңім
Өсу үшін өркенім
Жүзем оқу - айдында
Жайып білім желкенін
Қиындықтан өтуге
Армандарға жетуге
Білім алам ерінбей
Еліме қызмет етуге!

Ән «Тәй - тәй»
Тәрбиеші: Жарайсыңдар. Өнерлерің өрге жүзсін! Бүлдіршіндеріміздің өнер,
білім үйреткен, сүйікті балабақшаға арнаған кезекті бір
әніне кезек берейік.
Ән «Балабақшам - бақұям»
Тәрбиеші: Жаңа оқу жылын қоңыраудың сыңғырымен бастау - жылдар бойы жалғасын тауып келе жатқан қалыптасқан дәстүр. Ендеше биылғы 201* - 201* оқу жылының қоңырауын қағуды кішкентай бүлдіршініміз............... ұсынамыз!
Алғашқы қоңырау соғу салтанаты
Тәрбиеші: Шырылдаған тыным алмай
Қоңыраудың үні қандай!
Мақсатына жете ме адам
Оқу оқып, білім алмай?!

Ғылымның көп тас қамалы
Ғалымдық та асқаралы
Бар білімнің нұр бастауы -
Балабақшадан басталады!
Бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміз осымен тамам. Ден қойып тамашалағандарыңыз үшін көп рахмет! Баршаңызды балабақшамыздың білім бағына шақырамыз!
Ән «Күмбірле қоңырау»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу

Ілмектер: 1 қыркүйек білім күніне арналған сценарий балабақша, балабақшаға арналған, Білім күніне арналған сценарий, балабақшаға арналған Білім күніне арналған сценарий, 1 қыркүйек білім күні сценарий, 1 қыркүйек білім күніне сценарий, 1-қыркүйек білім күніне арналған сценарий, 1 қыркүйек білім күні, 1 қыркүйек білім күні суреттер, 1 қыркүйек білім күніне арналған суреттер, бірінші 1 қыркүйек білім күні, алгашкы конырау казакша сценарий на казахском, Қазақша сценарий: Бірінші 1 Қыркүйек - Білім күні (Алғашқы қоңырау), Қазақша сценарий: Бірінші 1 Қыркүйек - Білім күні, Қазақша сценарий, Бірінші 1 Қыркүйек - Білім күні, 1 сентября день знаний сценарий на казахском языке, сценарий 1 сентября. день знаний в детском саду, Казакша сценарий 1 сентябрь день знаний на казахском языке, балабакша 1 кыркуйек билим куни, 1 қыркүйек балабақша, білім күні балабақшаға сценарий 1 қыркүйек, 1 қыркүйек, білім күні, 1 кыркуйек билим куни, 1 кыркуйек, билим куни, билим куни тарбие сагат ашык сабак, Білім күні (Алғашқы қоңырау), білім күні алғашқы қоңырау, білім күні тәрбие сағаты