Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Алғы сөз


Қазақ тілі бай тілдердің біріне жатады Оның лексикасы сан алуан жүйелі сөздер мен оның мағыналарынан тұрады. Қазақ тілініқ байлығын Абай, С. Сейфуллин, М Әуезов, С. Мұқанов, Р. Мүсірепов, Ғ Мұстафин сияқты Қазақ әдебиетінің классик жазушыларының әлемге әйгілі шығармалары паш етеді. Ал Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл білімі институты шыгарған он томдық түсіндірме сөздік — ана тіліміздің байлығының нақтылы көрсеткіші. Әр томы алпыс-жетпіс баспа табақтан тұратын, алпыс жеті мың реестр сөзді қамтыған он томдық түсіндірме сөздіктің өзінде Қазақ тілінің сөз байлығын толық қамтымағанын ескерсек, тіліміздің бай лек-сикасын бағдарлауға әбден болады



Ана тіліміздің мұншама бай сөздік құрамы бірден қалыптаса қалған жоқ. Тілдің бай лексикасы үнемі толығып, дамып отырады Басқаша айтқанда, тілдің сөздік құрамының толығып отыруы — үнемі болып отыратын процесс. Тілдің лексикасының үздіксіз даму процесі экстралингвистикалық факторларға тығыз байланысты Қоғамның дамуы, адам санасының өсуіне байланысты өмірде жаңа заттар мен ұғымдар пайда болады да, оларды атау қажеттігі туады. Осы қажеттікті өтеу үшін жаңа сөздер жасалады, кейде жаңа сөздер басқа тілдерден де алынады. Оған Ұлы Октябрь революциясынан кейін Қазақ тіліне орыс тілінен енген сөздер тобын дәлелге келтіруге болады. Алайда басқа тілден сөз қабылдау тілдің дамуы мен баюында белгілі орын алғанымен, тіліміздің сөздік құрамының баюында негізгі қызметті Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атқарады, өйткені Қазақ тілінің қалыптасқан сөзжасам жүйесі бар, ол арқылы тілде жаңа сөздер жасалады да, тіліміздің сөздік қорын үнемі байытып отырады.



Тілдің сөздік қорын байытып, оның икемділігін арттыратын, қандай күрделі ой болса да, оны нақтылы, дәл жеткізуге мүмкіншілігі мол құдыретті тіл болып калып-тасудың бір тетігі тілдін, сөзжасам жүйесіне байланысты. Осының өзі сөзжасамның тілде атқаратын қызметі мен оның маңызын анық байқатады.



Сан есім сөзжасамында бірсыпыра талас мәселелер бар. Мысалға күрделі сан атаулары сөзжасам заңдылықтары бойынша жасалған туынды сөздер тобына жата ма деген сұраққа Қазақ тіл білімінен жауап табу қиын. Ал күрделі сан атауларының нақтылы құрамы, тілдегі саны және олар жасалған модельдер туралы ешбір мағлүмат жоқ. Сонымен бірге сан есімнің семантикалық топтарының жасалу жолы көрсетілгенімен, олардың тілдің сөзжасам жүйесіне қатысы да нақтылы шешілмеген деуге болады.



Сан есім сөзжасамына қатысты көп даулы мәселелер тілдің жалпы сөзжасам жүйесіне байланысты қаралғанда ғана, дұрыс шешім табады. Сондықтан сан есім сөзжасамына тоқталмас бұрын, тілдің, сөзжасам жүйесінің кейбір жалпы мәселелерінен мағлұмат беруді жөн көрдік.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу