Туған жер - Мағжан Жұмабаев

Туған жер - Мағжан Жұмабаев

 Бұл жарыққа аяқ басып туған жер,
Кiндiк кесiп, кiрiм сенде жуған жер.
Жастық - алтын, қайтып келмес күнiмде
Ойын ойнап, шыбын-шiркей қуған жер.
Жаратылдым топырағыңнан, сен - түбiм.
Жалғаны жоқ, бәрi сенен жан-тәнiм.
Сенен басқа жерде маған қараңғы,
Жарық болар Шолпан, Айым, сен - Күнiм.
Тәттi суың дәмi аузымнан еш кетпес,
Қалың нуың, қыр, суыңа жер жетпес.
Кең далаңда ойын ойнап қалсамшы,
Жазу болып адамзатқа ер жетпес!..
Балақ түрiп, қозы қуып, жарысып,
Батпағыңда тең құрбымен алысып.
Түнде - ақсүйек, алтыбақан, ал күндiз
Үйретем деп асау тайға жабысып.
"Адам басы - алла добы" деген рас,
Қалай қуса, солай кетпек сорлы бас.
Кiм бiледi, мен де шетке кетермiн,
Туған жерiм,сенi тастап басым жас.  


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 3
  1. Серикбай Маханов
    2 + 4 -
    Айта алмадым неге ғана ойымды , Сөзге жүйрік болсам –дағы тойымды . Жүрегіңде дақ қалмасын дедім ғой Шырқын бұзбай, бөтен ойлар жойылды . ***** Жақсы адам мінін біліп өкпелесін , Бойға біткен мінезімен шектелмесін . Аулақ жүрер жаман адам жақсылардан Пасық ойлар тізбектерін – жек көргесін . ***** Ақымақ , адам білгіш – ақыл айтқыш , Сөзінде тұрлауы жоқ «боқ» - тыңайтқыш . Есі бар ақылдылар жағдай сұрап Елімен бірге болып – «ой жаңартқыш» . ***** Сөздер көп мірдің оғы атылғандай , Сол үшін бір сөзде тұр қапы қалмай . Былшыл сөз береке жоқ мағанасыз Құр босқа қара жерге басылғандай . ***** Жұмыстың көзін тап та ... сосын кіріс , Талпынғын , аулақ қалсын пәс іркіліс . Қара жер оңайлықпен қозғалмайды Болмаса еңбегіңде зор сілкініс . ***** Бір сөз бар , ыстық от боп жалындайды , Бас шұлғып ешбір жанға жалынбайды . Жаны қас «қаңқу» сөзге өршіленіп Барлық кез ел тірлігін орындайды . ***** Жаманның кейде келер сандырағы , Тілгілеп жүректерін жандырады . Айта алмай жылы сөзін ақымақтар Үмітсіз өз үнінен даурығады . ***** Қайта қара , кетпес үшін бір қате , Қайталай бер , жаза бергін жүз мәрте . Бір күндері сөзің туар өмірге Кезі келіп ырғағымен күй шерте . *****
  2. Ердаулет Задаев
    0 + 1 -
    жақсы
  3. Отам
    Отам 22.10.2020 18:38
    0 + 0 -
    Прлрнсгрзощрщрошрзрқ гашпрщпқұпииинамемлекеттікнаиижәне на телефоны шұғыл түрде




    Тиллерсон табыс етті ме Бақытжан аға оқытушы болып табылады неоны жұмыстаншығару бұлкүнінанананананасайтсайт