Абай Құнанбаев (Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да)

 Абай Құнанбаев (Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да)

Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да,
Алдамаған кім қалды тірі жанда?
Алыс-жақын қазақтың бәрін көрдім,
Жалғыз-жарым болмаса анда-санда.
Пайда үшін біреу жолдас бүгін таңда,
Ол тұрмас бастан жыға қисайғанда.
Мұнан менің қай жерім аяулы деп,
Бірге тұрып қалады кім майданда?
Ендігі жұрттың сөзі - ұрлық-қарлық,
Саналы жан көрмедім сөзді ұғарлық.
Осы күнде осы елде дәнеме жоқ
Мейір қанып, мәз болып қуанарлық.
Байлар да мал қызығын біле алмай жүр,
Жаз жіберіп, күз атын міне алмай жүр.

Сабылтып, күнде ұрлатып, із жоғалтып,
Ызаменен ыржиып күле алмай жүр.
Саудагер тыныштық сауда қыла алмай жүр,
Қолдан беріп, қор болып, ала алмай жүр.
Ел аулақта күш айтқан, топта танған,
Арсыз жұрттан көңілі тына алмай жүр.
Естілер де ісіне қуанбай жүр,
Ел азды деп надандар мұңаймай жүр.
Ала жылан, аш бақа күпілдектер,
Кісі екен деп ұлықтан ұялмай жүр.
Бектікте біреу бекіп тұра алмай жүр,
О дағы ұры-қарды тыя алмай жүр.
Қарсылық күнде қылған телі-тентек,
Жаза тартып ешбірі сұралмай жүр.
Қарындас қара жерге тыға алмай жүр,
Бірінің бірі сөзін құп алмай жүр.
Құда-тамыр, дос-жаран, қатын-балаң -
Олар да бір қалыпты бола алмай жүр.
Бір күшті көп тентекті жыға алмай жүр,
Іште жалын дерт болып, шыға алмай жүр.

Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі,
Не пайда, не залалды біле алмай жүр.
Жетілтіп жаз жайлауға қона алмай жүр,
Күз күзеу де жанжалсыз бола алмай жүр.
Қыс қыстауың - қып-қызыл ол бір пәле,
Оралып ешбір шаруа оңалмай жүр.
Жасы кіші үлкеннен ұялмай жүр,
Сұрамсақтар нәпсісін тыя алмай жүр.
Сәлем - борыш, сөз - қулық болғаннан соң,
Қандай жан сырттан сөз боп, сыналмай жүр?

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 2
  1. Аягуль Тажмухан
    2 + 0 -
    Дәл осы өлеңдегі Абай атамыздың жағдайы жақында басымнан өтті. Бірден есіме бала кезде оқып жатталып қалған өлең жолдары сап ете қалды. Шіркін Абай. Сендей сөз маржанын терген асылдар жоқ қой. Адам баласының басына түсетін жағдайларды қалай әдемі жеткізген
  2. Гость Айша
    Гость Айша 03.11.2020 21:00
    5 + 1 -
    Меня зовут Айша. Яживк в Казахстане. Тут очень круто. Когда я слышала музыка Абая и я была в хорошем настроениям. Абай Құнанбаев он «ақын» у него один музыка не закончилась он називается «...» короче не знаю

Ілмектер: абай құнанбаев дос туралы, абай құнанбаевтың достық туралы өлеңдері, абай құнанбаевтың өлеңдері көңілім қайтты достан да дұшпаннан да, абай құнанбаевтың дұшпаннан да, абай құнанбаевтың дос туралы өлеңдері, стихи абая кунанбаева на казахском языке, Қазақша өлең: Абай Құнанбаев, казакша олен абай кунанбаев, стихи абая кунанбаева на казахском языке, абай кунанбаев стихи на казахском языке скачать, абай құнанбаев өлеңдері скачать, абай құнанбаев өлеңдері