Қазнетте шілде айының ең сұлу аруы анықталды


Ең сұлу аруды анықтайтын Miss.kz 2013 интернет-байқауында кезекті жеңімпаз анықталды.

Фото: season.kz
Фото: season.kz

Шілде айының ең сұлу аруы деп Әйгерім Қожахан таңдалды.

"Қазнеттің ең сұлу аруы тәжіне үміткер осынау жерлесіміздің есімі елден тыс жерге де танымал екен, себебі халықаралық Top peoplе интернет-журналының нұсқауы бойынша ол Шығыстың ең сұлу азаматтарының тізіміне ілігіпті", - деп нақтылай түсті басылым.

Әйгерімді психология, музыка мен би қызықтырады екен, әсіресе саяхат жасағанды жаны сүйеді. Сондай-ақ ол елордалық Prima Vera сән агенттігінің "келбеті" болып табылады.

Мiss.kz байқауы тұңғыш рет 2011 жылы өткізіліп, бірден қазақстандық қыздардың қызығушылығын оятты. Байқауға қатысу үшін үйіңді тастап, жүргізушілердің ыңғайсыз сұрақтарына орынды жауап іздеудің, кешкі көйлектер мен шомылуға арналған ашық киімдерде сахна бойымен жүріп өтудің қажеті жоқ. Жобаның талабы тым қарапайым.

Байқаудың сайтына сәтті түскен бірнеше фотосуретті жіберсе жеткілікті, ару бірден бас жүлде – 300 мың теңге үшін тартысты бәйгеге қосылып кетеді. Негізді жеңімпазды бір жыл бойы күтіп отыру тым ұзақ уақытты қажет ететіндіктен, байқау ұйымдастырушылары ай сайын ең сұлу аруларға берілген дауыстарды санап, ең көп дауыс жинағанын өтіп бара жатқан айдың символы деп бекітуді жөн санады.

Сондай-ақ бұл байқаудың тек тұрмыс құрмаған қыздарға арналғанын айта кету керек. Егер байқауға қатысушы ұйымдастырушыларды алдап, өзінің тұрмыста екенін жасырғаны анықталса, ол бірден байқаудан шығарылатын болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?