«Құбылай хан» сериалында 5 мыңға жуық актер ойнайды

«Құбылай хан» сериалында 5 мыңға жуық актер ойнайды

25 тамыздан бастап, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы «Құбылай хан» атты жаңа сериал ұсынады.

Тарихи драма Шыңғыс ханның Төлейден тараған немересі Құбылай ханның өмірін суреттейді.

Сюжет бірнеше онжылдықты қамти отырып, моңғолдардың Юань династиясының құрылуын баяндайды.

Тарихи драманың режиссері - Цуй Сиу-Мина. Сериал бюджеті шамамен 1,5 миллиард юаньді (ренминби) құрады.

Туындыда 5 мыңға жуық актер ойнайды. Сондай-ақ, түсірілім жұмыстарына 5 мыңға жуық ат қатыстырылды.

Сериал бұған дейін Қытай, Гонконг, Тайланд, Малайзия, Корея, Тайвань, Вьетнам, АҚШ, Канада елдерінде көрсетілген.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!