Қазақстандық зейнеткер бір күнде миллионер атанып шыға келді

Қазақстандық зейнеткер бір күнде миллионер атанып шыға келді

Қазақстандық зейнеткер бір күнде миллионер атанып шыға келді.

Атын жұмбақ күйінде қалдыруды өтінген қария ешқандай да лоторея жеңісіне қол жеткізбеген. Тек осыдан біраз жыл бұрын сақтап қойған естелік монеталарын нумизматтар ірі ақшаға сатып алған көрінеді, деп хабарлайды Remarka.kz.

"2000 жылы зейнетке шығар кезімде 50 мың теңге ақша алатын болдым. Банкке барғанымда ондағылар маған ақшамды тым ұсақтап берді: үйге екі қап темір ақша арқалап қайттым. Көңілімнің түскені сонша, оларды жаратпай сарайға сол қабымен тастай салдым. Кейін тіпті, ол ақша туралы есімнен де шығып кетті", - дейді бұрын шахтер болған қарт.

Белгілі болғаны, зейнеткерге ақшаны екі түрлі етіп берген: бірі - "Жеңістің 55 жылдығына арналған" монеталар, екіншісі - "Түркістанның 1500 жылдығына арналған" монеталар.

Қария жуырда аталған темір ақшаларын банкке барып өткізбек болыпты. Алайда, ондағылар монеталарды айналымнан шығып қалған деп қабылдамаған екен. Еңсесі түскен зейнеткер бұл жайында туысына айтып, мұңымен бөліспек болған. Ал, туысы болса мәселені шешу үшін нумизматтарды алып келіпті.
Монета әуесқойлары әрбір темір ақшаны 10 мың теңгеге сұрапты. Бақыттан басы айналған қария көп саудаласпай әр қайсысын 10 мыңға емес, 6 мыңнан сатып жіберді.

"Нәтижесінде 50 мың теңгенің орнына мен 6 миллион теңге алдым. Ешқандай банк маған мұндай табыс әкелмес еді", - деп зейнеткер қуанышымен бөлісті.
Ол ақшасының басым бөлігіне үйін жөндетіп, автокөлік алуды жоспарлап отыр. Қалғанына тағы да ескерткіш монеталар сатып алады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!