Қазақша ән: Қайрат Нұртас - Сен де мен де (2014) [мәтін / текст]

Қазақша ән: Қайрат Нұртас - Сен де мен де (2014) [мәтін / текст]

Тағдырға тiл қата алмай,
Заңына бағынамыз.
Бip жүріп, бip бола алмай,
Амалсыз сағынамыз.

Тереңге батырды мұң,
Қайтемiн төземін мен.
Ойыңды оқып жүрмін,
Сыр тұнған көздеріңнен.

Қайырмасы:
Сен де, Мен де...
Салындық сергелдеңге.
Сөнбеген бе,
Сол ыстық сезім әлде?...
Неге, неге,
Неге бiз бекінемiз?...

Сен де, Менде...
Кiнәлi, жоқ төреші!
Тербегенде,
Өткеннің тәтті елесi.
Бекер, бекер,
Бекер кеш өкінеміз.

Сезімнің орансақта,
Отына күйiп жанбай.
Мəңгі бір болар шақта,
Бөліну қиын кандай.

Бақыттан əрмен жүздік,
Бəрін де тең бөлерде.
Таныттык дəрменсіздік,
Жаным-ау Сен де Мен де.

Қайырмасы:
Сен де, Мен де...
Салындық сергелдеңге.
Сөнбеген бе,
Сол ыстық сезім әлде?...
Неге, неге,
Неге бiз бекінемiз?...

Сен де, Менде...
Кiнәлi, жоқ төреші!
Тербегенде,
Өткеннің тәтті елесi.
Бекер, бекер,
Бекер кеш өкінеміз.

Жалғыз сен жарығым-ай, маған лайық.
Мына Мен саған қалай тағам айып?
Уақытты зымыраған текке өткізбей,
Бақытты Сен де Мен де бағалайық...

Қайырмасы:

Əні : Ғазизхан Шекербеков
Сөзі: Қуаныш Жаманқұлов



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады