Ар, ұят, намыс

 Ар, ұят, намыс

Опасызда ұят жоқ,
Ұятсызда опа жоқ. (Ә. Науаи)

Маңайлама ар-ұяттан безгенге,
Мыңдап алғыс инабатты сезгенге. (Ж. Баласағұни)

Пәле-жала жолын ұят кеседі,
Ұятсыздық-ердің емсіз кеселі.
Ашық мінез, пәктік, ұят серік боп,
Жарасады қуанышқа көрік боп.
Адал ар мен ақ көңіл де еленер-
Екі жалған бақытына бөленер. (Ж. Баласағұни)

Ұят-жаман ойдың жүгені. (Ж. Баласағұни)

Көп сөзден ұял-тек отыр. (Ш. Сүлеймен)

Ұятсыз адам иттен де жаман. (С.Сарайи)

Өлімнен ұят күшті. («Орхон жазу ескерткіші»)

Арсыз-адамның қоры. (Ж. Баласағұни)

Бар бәледен ұят сақтайды.
Барлық жақсы істің байламы да ұятта. (Ж. Баласағұни)

Бұл жалғанды бұзатын-арсыз адам. (Ж. Баласағұни)

Ұяты бармен-ұрыс,
Ұятсызбен-ұстаспа. (М. Қашқари)


Ақылың болса, арыңды сақта,
Ар, ұят керек әр уақытта.

Ар жазасы бар жазадан ауыр.

Арсыз болса, қыз жаман,
Ақылсыз болса, ұл жаман.

Арын сатып ер болмас,
Ажарын сатып сері оңбас.

Мал сақтама, ар сақта.

Малыңа сүйенбе, арыңа сүйен.

Жарлы болсаң да, арлы бол.

Арыңды жеме, барыңды же.

Әрлі болғанша, арлы бол.

Жақсы - арына құл,
Жаман - малына құл.

Тәнім - жаным садағасы,
Жаным - арым садағасы.

Малым - жаным садағасы,
Жаным - арым садағасы.

Бар малын жейді,
Ұятсыз арын жейді.

Жақсы аттың жалын сақтағанша,
Жақсы жігіттің арын сақта.

Ұйқы арсыз,
Күлкі арсыз,
Тамақ арсыз.

Арлы арына қараса,
Арсыз «жеңдім» дейді.

Атың жаман болса, қарың кетер,
Балаң жаман болса, арың кетер.

Малсыз болсаң да, арсыз болма.

Ары таза нар жүгін көтереді.

Абырой - ар еңбегі.

Ердің құны - жүз жылқы,
Ары - мың жылқы.

Жаманның жаны қымбат,
Жақсының ары қымбат.

Нарым қымбат,
Нарымнан арым қымбат.

Арамзада ар болмайды,
Талғамсызда сән болмайды.

Қызғаншақтың іші тар,
Болмас онда ұят-ар.

Нәпсі арды айыртқызбайды.

Қанша тұлпар десе де,
Мініп болмас жалсызды.
Қанша білгіш десе де,
Халық сүймес арсызды.

Адам болам десең,
Арыңды ақшаға сатпа.

Арсыз - адамның қоры.


Арыстанға темір шынжыр ар.

Беттің арын белбеуге түйме.

Жігітке жар қымбат,
Намыс пен ар қымбат.

Арсыздың сөзінде тұрақ жоқ.
Көзі бар да, құлақ жоқ.

Неғұрлым арлы болсаң,
Соғұрлым сопы боларсың.

Намысы бар жігіттің,
Нар күшіндей күші бар.

Намысы жоқ жігіттің намыспен не ісі бар?

Намысы бар жігіттің нар күші бар,
Намысы жоқ жігіттің қай күші бар?

Ел намысы - ер намысы.

Ер жігіт - елінің ұлы, намысының құлы.

Бөріктінің намысы бір.

Ерді намыс өлтіреді,
Қоянды қамыс өлтіреді.

Атты қамшы айдайды,
Ерді намыс айдайды.

Шөлдің қамысы болмайды,
Жаманның намысы болмайды.

Жолдас күту - жарға сын,
Жалған сөздік - арға сын.

«Кел» демек - парыз,
«Кет» демек - намыс.

Жүйрік - алысқа, жігіт - намысқа.

Тексізде жүйе болмайды,
Кексізде кие болмайды.

Арудың әміршісі - ары.

Арлану - ақылдың ісі.

Ар қиналмай, жан қиналмайды.

Арсызға сәлем - борыға, сөз - қулық.

Өлімге берер жаным бар,
Пендеге берер арым жоқ.

Адам санасын ар түзейді.

Рух пен намыс - егіз.

Арға - мінәжат.

Ар сатып ырыс жинама.

Арға тартпай арман құл,
Намыс қумай мақсат тұл.

Арсыздықтың адамды жеңетін де жері бар.

Ождан - екі өмірдің азығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 6
  1. Оқырман Инжу
    Оқырман Инжу 10.01.2023 19:46
    0 + 0 -
    Аққуды атпа, досыңды сатпа
  2. Оқырман Инжу
    Оқырман Инжу 10.01.2023 19:45
    2 + 0 -
    Жвқсыдан үйрен жаманнан жирен
  3. Оқырман Дарын
    Оқырман Дарын 23.02.2022 20:06
    2 + 0 -
    Жақсының жаты болмайды
    Жаманның ұяты болмайды
  4. Асланбек Рымбек
    1 + 1 -
    кушти
  5. Айдана Зайтбек
    Айдана Зайтбек 20.10.2015 13:12
    1 + 1 -
    Казакша канатты создер намыс туралы
  6. Жансая Алмат
    Жансая Алмат 27.01.2015 16:12
    0 + 2 -
    жақсы,бірақ аз

Ілмектер: ар туралы макал мәтел, ар туралы мақал-мәтелдер, намыс туралы мақал-мәтелдер, ар ұят туралы мақал мәтел, ар ұят туралы макал мәтелдер, ар намыс ұят туралы мақал мәтелдер, пословицы про честь на казахском, пословицы на казахском языке про совесть, пословицы на казахском языке, ар, намыс, ұят, уят, уят туралы макал мәтел, макал, мател, мақал мәтел, намыс туралы макал мателдер, намыс туралы мақал мателдер, ар туралы макал мателдер, уят туралы макал мател, пословицы на казахском про честь