Әдістемелік жұмыс: Математика сабағында оқушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыру

Әдістемелік жұмыс: Математика сабағында оқушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыру

“Білім еске сақтау арқылы емес,
өз ойының күш салуымен
алынғанда ғана білім”
Лев Толстой



Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту 2011-2020 жылға дейінгі бағдарламасы негізінде білім беру ісіне жылдан-жылға үлкен көңіл бөлінуде. Елбасы Жолдауындағы ең маңызды көтерілген тақырып, ол білім мәселесінің қаралуы. Білімді жоғары сапаға көтеру арқылы заманауи білім беруді қалыптастыру. Оқытудың жаңа әдістемелік жүйелерін белсене дамытудың керектігін айтады. Осы Жолдауды қолдай отырып оқушыларымызға сапалы білім беру жолында еңбек етеміз деп сенемін.
Бiлiм беру мазмұны - жеке адамның бiлiктiлiгi мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшiн негiз болып табылатын бiлiм. Бiлiм беру ұйымдарындағы оқу және тәрбие жұмыстарын жоспарлау оқу жылына арналған оқу-тәрбие процесiнiң графигi мен теориялық және практикалық сабақтардың кестесiн бекiту арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа заңында оқыту формасын , әдістерін, үлгілерін құруға мүмкіндік берілген. Осы тұрғысында мен өзімнің педагогикалық жұмысымда профессор Ж. А. Қараевтың «Саралап деңгейлеп оқыту технологиясының» талаптарын басшылыққа алып, жоспарды сыныптың деңгейіне сай етіп жасауға тырысамын.

Ж. А. Қараевтың «Деңгейлік саралау технологиясымен » сабақ өткізудің көптеген пайдасы бар. Атап айтсақ, оқушылар өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады және жеке оқушының математикаға деген қабілеті анықталады. Оқушының деңгейлік тапсырмасының жеңілден күрделіге қарай ойлау қабілеті артып, оқушылар іштей бір-бірінен қалмауға тырысады.Оқушылар қабілетіне қарай әділ бағаланады. Менің ойымша, ол мұғалімнің оқушыларға сабақта берген теориялық білімдерін практикада тиімді жолдармен жеткізуі, қолдана алуға үйрету. Оқушының математикаға деген ынтасын , қызығушылығын дамытудың бірінші шарты ілімнің практикада қолдануын ашып көрсету. Математикалық материалдарды көбінесе еңбек кірістірілген сабақ түрінде өткізуге немесе жеке практикалық жұмыс түрінде ұйымдастыруға болады. Бұрын жария етілген материалдардың жаңаша сипатталуы оқушыны қызықтырып, сонымен бірге, оларға кәсіптік бағдар береді. Есеп шығару дағдысы мен практикалық тапсырмаларды орындау дағдысын қалыптастыру мақсатында жұппен немесе жеке жұмыс істеуді ұсынуға болады. Бұл-практикалық тапсырмаларды орындау дағдысын меңгерудің бірінші сатысы. Жаңа тақырып бойынша есеп шығару барысында әрқашан оқушыда сұрақ болуы мүмкін, сондықтан практикалық жұмыстарды жиі өткізіп тұрамын. Әрбір математика оқулығының есептері практикалық маңыздылығына баса назар аударылып, жаттығулар күрделілігіне қарап үш деңгейге бөлінген. Сыныппен жұмыс істемес бұрын алдымызға мақсат қоюымыз керек деп ойлаймын:

Жалпы алгебралық бiлiктер мен дағдыларды қалыптастыру барынша қиын және практикадан айтарлықтай қиыншылықтар кездеседi. Сондықтан барлық оқушылының жоғары дамыған техникасын жеткiлiксiз деңгейдегi жетiстiкпен қалыптастыруға ұмтылғанға қарағанда қарапайым мысалдардың көмегiмен берiк бiлiк пен дағдыларға қол жеткiзуге болады.
Күнделікті өмірде, өндірісте кездесетін практикалық мазмұнды қарапайым есептерді шығару ерекше білімді қажет етпейді. Мектеп қабырғасында шығаруға тиісті есептер арнаулы талаптарға, мектепте оқыту мүдделеріне жауап берулері керек деп ойлаймын. Мұндай есептерді пайдалануда есептің мазмұнына, алынған жауабына мұғалімнің берген түсініктемесі оқушының кәсіптік, өмірлік, практикалық ойлауын қалыптастырудың негізгі құралы болып табылады деп ойлаймын.
Математикалық теория мен практиканы ұштастыруда есептердің атқаратын рөлі зор. Сабақта шығарылатын есептердің әрбірі өтілген тақырып мазмұнын аша алуы, ол тақырыпты қайталауға, оны кәсіптік қолдануға мүмкіндік беруі керек.

Мәтiндi есептер оқытудың мақсаты және құралы ретiнде пайдаланылады.
Мәтiндi есептердi теориялық материалдарды сапалы меңгертудi, олардың практикада қолдану бiлiктерiн дамытуды қамтамасыз етедi. Сондай-ақ, бөлшек, процент, пропорция және т.с.с ұғымдардың мағынасын түсiндiруге көмектеседi.
Мектептік сабақ-педагогикалық шығармашылық еңбектің жүзеге асырылатын басты орны. Бұл шешуші міндетті жүзеге асыру-ұстаздың шеберлігіне байланысты. Сабақ үстінде ғана ұстаз оқыту,білім беру, тәрбиелеу міндеттерін орындауға бар шеберлігін, күш-қуатын жұмсайды.
Оқу материалына қызықты, ойлана жан-жақты даярлаудың өзі ішкі шығармашылық күйді туындатып, оқушыларға берік, терең білім беруге мүмкіндік береді. Сабақты өтуге қатысты сабақтың әрбір элементін даярлау, конспектілеу, есептер шығару, сабақтың әрбір бөлігін жетілдіру барысында толықтырулар мен ой елегінен өткізу – өз мұғаліммен сынып оқушыларының ұжымдық көмегін, түсінігін ұштастыра, үйлестіре, сүйене отыра шығармашылыққа жетуге ұмтылдырады.
Мысалы оқушыларға мынадай практикалық жұмыс жасатуға болады. «Шеңбердің ұзындығы » деп аталады. Теориялық материалды оқу бағдарламасы бойынша меңгеріп қана қоймай , оны тәжірибе жүзінде де меңгере білуге жетелейді. Жұмысты ұқыпты, әрі таза,, жылдам орындау керек. Бұл практикалық жұмысқа керек заттар: Тақия, ою-өрнек суреттері, түрлі-түсті қағаз,қайшы, желім,сызғыш.....

Аманжол Ардагул


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі