Мұғалім портфолиосы: Математика пәні | А есебі

Мұғалім портфолиосы: Математика пәні | А есебі

І-бөлім:Іс-әрекетті зерттеуге арналған тақырыпты таңдауды негіздеу
Жеті модуль арасынан бұл тақырыпты таңдаған себебім, көпшілік әріптестерімнің ұйғарымы топтық жұмыстың математика сабағына келе бермейтіні, тіпті мүлде келтіре алмадық дегендер де табылды. Әлем мойындап жатқан бұл жүйенің математикаға келгенде қандай құпиясы бар екеніне көз жеткізу тұрғысынан және оқушылардың күрделі ғылымға деген шынайы қызығушылығын ояту мақсатында мен зерттеу тақырыбымды есептерді топта талқылау арқылы шығару оқушының оқу нәтижесіне қалай әсер ететінін анықтау үшін алдым. Выготскийдің пікірінше, оқушылар нақты мақсаттарды көздеген, көбірек білетін жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады. Тізбектелген сабақтар топтамасына өзім сабақ беретін сыныптардың ішінен 8 сыныпты таңдап алдым. Неге мен 8 сыныпты таңдадым? Себебі білім сапасы жөнінен басқа сыныптарға қарағанда алгебра, физика, химия пәндерінен жеті-он пайыз артта қалушылық байқалды. Осы орын алған олқылықтардың орнын толтыру үшін бағдарламаның түйінді идеяларын терең меңгере отырып, жеті модуль ықпалдасқан жаңаша сабақ арқылы білім сапасына оң ықпал ету. Өйткені топтық жұмыста оқушылар оқшауланып оқымайды. Бірақ топқа тапсырма бергенде бір-бірінен көшіріп алу басымдық танытады себебі оқушылар топтық жұмыстың маңыздылығы осы деп білетіні. Топтық жұмыс оқушыны жан-жақты көрсететіндіктен әркімнің қандай деңгейде отырғанын жекелей деңгейлік тапсырмалар орындату арқылы көруге болады.
Мұғалім портфолиосы: Математика пәні | А есебі

Тіл-тәжірибені ұжымдық қабылдаудың негізгі құралы екендігін басшылыққа ала отырып, әріптестестеріммен кеңесіп 8-сыныпты алгебра сабағында топтық жұмыс арқылы белсенділіктерін арттыру мақсатында осы тақырыпты таңдағанымды айтып өттім. Мектеп директоры мен оқу ісінің меңгерушісінің мектептегі математика сабақтарында білім сапасының төмендігі мен ҰБТ да төмен көрсеткіш көрсетудегі кедергілерді жою үшін топтық жұмыстың оқушылар қызығушылығын арттыруда маңызы зор болатынын, сыни және логикалық ойлау дағдысының қалыптасатындығын атап өтті. Оқушылардың топтық жұмыста есептер шығаруда белсенділігі арттыруға көбірек көңіл бөлуім қажеттігін айтқандықтан оқу үдерісінде топтық жұмыс арқылы нәтиже көрсетуді жоспарладым.
Сондықтан мен математика пәні мұғалімі ретінде топпен жұмыс жүргізудің білім сапасына әсерін байқау мақсатында бұл тақырыпты мектеп үшін де маңызды деп есептедім. Өйткені топтық жұмыс барысында мектеп оқушыларында ынтымақтастық, ауызбіршілік, сыйласымдылық қабілеттері дамып, топтық жұмыстарға дайындау жүйелі жүргізіледі.
Пәнді бірнеше жыл қатарынан оқыта отырып және мүлдем басқа тәсілдің қолдаушысы бола отырып, мен іс-әрекеттегі зерттеуге кірісуді және негізінен оқушыға бағытталған оқыту әдістерін сынақтан өткізуді ұйғардым.
Сабаққа енжар оқушыларды белсенді оқушыларға айналдыру менің түпкілікті мақсатым. Зерттеу негізі-іс-әрекеттегі зерттеудің стандартты көп сатылы құрылымы: жоспарлау-іс-әрекет-бақылау-ойластыру.( Kemmis and Mc Taggart, 1988 )
Сондықтан зерттеу сұрағым ның тақырыбын: «Алгебра сабағында оқушылардың есептерді топтарда бірлесе шығаруы, оқу нәтижесін жақсартуға қалай әсер етеді?» деп алдым. Тақырыпты ала отырып осы іс-әрекетті зерттеу барысында төмендегі сұрақтың жауабын іздедім:
Топпен жұмыс жасау барысында оқушылардың есеп шығару дағдылары қаншалықты жақсарады?
2-бөлім: Іс-тәжірибеге енгізілген өзгерістер және пайдаланылған дерек жинау әдістері туралы есеп
Әйгілі зерттеуші Л.С.Выготскийдің «Дәстүрлі оқыту-бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, «дамудың соңында жүрсе», жаңаша оқыту-«дамытуды өзімен бірге ала жүреді»-деген болатын. Сондықтан тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қана қалмай, мұғалім әрқашан ізденісте болып, өзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс. Сол себептен тізбектелген төрт сабағымда басымдылықты оқытудың жаңа әдіс-тәсілдеріне бағыттадым.
Менің іс-тәжірибемде төмендегідей өзгерістер болды: Мысалы орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлауды жаза отырып, Блум таксаномиясы бойынша оқушылардың ойлау деңгейлерін бағытталған сұрақтар қойдым. Оқушылардың ашық сұрақтарды пайдалануына қолдау көрсеттім, өйткені біз оқушыларымызға жоғары деңгейлі сұрақ қоймасақ, оларды жоғары ойлау деңгейіне көтере алмаймыз. Логикалық ойлау дағдыларын дамытатын тапсырмалар орындаттым. Сабағымда түрлі стратегияларды пайдаландым. Дәстүрлі сабақтағы бірізділікті байқап, жаңа формадағы сабақтар өткіздім.Оқу үдерісінде оқушының рөлі басым екендігін байқадым. оқу мен оқытуда жаңа әдіс - тәсілдерді топтық жұмыстар арқылы қолдану оқушыларды бітімге, келісімге қол жеткізуге үйрететінін аңғардым.
Бұл үдеріске 8-сыныпқа өзім 5-сыныптан бастап сабақ беретіндіктен және сынып жетекшісі ретінде оқу үлгерімі мен қызығушылығын қадағалай жүріп, сауалнама барысын зерделей отырып іс-әрекетті зерттеу жұмысын жүргізетін оқушыларды таңдап алдым. «А» деңгейіндегі оқушым Ш.Б. «В» деңгейіндегі оқушым А.Т, «С» деңгейіндегі оқушым Е.О. қатысты. Ш сабаққа деген қызығушылығы мықты, әсіресе математикалық циклдегі пәндерді сүйіп оқитын, аудандық жарыстарда жүлделі орындарды иеленіп жүрген дарынды оқушы, бірақ көпсізділікті ұнатпайды, А оқушым оқу үлгерімі жақсы, үйренсем, білсем деп талаптанып жүретін оқушы, Е қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын бірақ оқуға ынтасыз оқушы.


Тізбектелген сабақтар топтамасының бірінші тақырыбы «Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері» Мақсаты: арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерімен таныстыру, есептер шығаруда қолдануды меңгерту, арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолданып, өрнектерді түрлендіру дағдысын дамыту. Күтілетін нәтижем 1.арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін біледі, түсінеді. 2.арифметикалық түбірдің қасиеттерін есептер шығаруда қолданады, талдайды. 3.кейбірі күрделі есептерді шешуде арифметикалық квадраттың қасиеттерін тиімді пайдаланады. Алғашқы сабақ басталысымен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып, оқушыларды топқа бөлгенде бағыт бағдар беріп, «жаңылмаймын» ойыны арқылы бөлдім. Ойынның негізгі желісі 3 ке еселік сандардың атын атамай тапқырлық таныту. Оқушы көңіліндегі өзгерісті топқа бөлінген сәттен аңғардым. Топ ережесі құрылғаннан кейін балалар кәдімгідей жинақталып, «енді не болар екен» дегендей барлығының назары менде болды. Үй тапсырмасын «ыстық орындық» әдісі арқылы тексердім. Бақылаудағы «Е» атты оқушым түбірден шығаруға арналған бірнеше сандардың ішінен 16,25,9 ды түбір астынан дұрыс шығарғанымен, 15, 25 сандарының шығатынын айтуда біраз әбігерге түсті. Дегенменде тапсырманы ойдағыдай орындады. Нақты міндетімді жүзеге асыру үшін үш топқа арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері толық ашатын үш теореманы бөліп бердім. Теореманы алдымен өз топтарында талдап, «көршіңізге әңгімелеп беріңіз» әдісі бойынша келесі топтарға түсіндірді. Келесі кезекте «джигсо» әдісі бойынша топтарға А деңгейлі қиындық дәрежесі төмен №50 ші есеп берілді. Алдымен есепті топта талқылап, сарапшы топтың бірлескен ақылына сүйене отырып шығаруды тапсырғанда оқушылардың математикалық терминдерді қолданып сөйлеу дағдыларын дамыту қажеттігін байқадым. Келесі кезекте В деңгейінің есебін оқушылар жұпта талқылады. Бақылауға алынған оқушыларымды білім дәрежесі өздеріне қарама қарсы оқушылармен жұптастырдым. Қиындау есептерді шешуде бірлесе жұмыс жасап, бір-біріне көмектескен тұста Выготскийдің «жақын арада даму аймағының» қаншалықты маңызды екенін ұғындым. Дарынды және талантты балаға арналатын С деңгейлі есепке келгенде сынып оқушыларына біраз ойланып тер төгуге тура келді. Тіпті кейбір қиналған тұстарында өзімнен көмек сұрағандарын аңғара отырып, сынып ортасында метасананың көрініс тапқанына көзім жетті.Тапсырмаларды орындап жатқан тұста түсінбей қалған сәттерін бағдаршам түстерімен көрсетіп отырды. Сабақ кезеңдері бойынша топтық әрі жұптық жұмыстар өз орталарында смайликпен, бас бармақпен бағаланып отырды. Сабақ соңында топ басшылары бағаларды жинақтап нәтижесін шығарды. Сабақ бойынша кері байланыс алғанда «Е» есімді оқушы есеп шығаруда маған қасымдағы «Ш»-ның ықпалы зор болды деген жазбасы жұптық жұмыс бергенде оқушылардың арасында бірлескен жұмыс, бірін-бірі қолдау, топтық рух байқалатыны көрініс тапқандығы, құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынастың оқуда маңыздылығын көрсетті (Мерсер 2005).Үйге тапсырма берілді. АКТ ны одан әрі зерделеу мақсатында ғаламтор желісінен арифметикалық квадрат түбір туралы тарихи мағлұмат жинау тапсырылды.
Келесі сабақтыңда тақырыбы алғашқы сабағыммен үндес «Арифметикалық түбірдің қасиеттері». Шаттық шеңберіне тұрғызып бір біріне ыстық ықыластарын білдіргеннен кейін бірден үй тапсырмасы тексерілді. Берілген тапсырманы әр есептің тұсына смайлик суретін сала отырып өзара бағалады. Келесі нәтижеге қол жеткізу үшін топтарға осы іспеттес есептерді өздері құрастыру тапсырылды. Жалпы сынып дайындығы жақсы екендігі аңғарылды. Соның ішінде бақылауға алынған «Е» атты оқушым ұялы телефоннан жинаған мағлұматын оқып, талдап өзіндік пікір шығара білді. «А» атты оқушының жауабы былай өрбіді: Дәрежеге шығару және түбір табу амалдары да басқа төрт арифметикалық амал сияқты практикалық қажеттіліктен туындады. Бұдан 4000 жыл бұрын вавилондық ғалымдар көбейту және кері шамалар кестелерімен қатар сандардың квадраттарының кестелерін және сандардың квадрат түбірлері кестелерін құрастырған болатын. Сонымен бірге олар кез келген бүтін саннан жуық квадрат түбір есептеген. Ал «Ш» болса мынадай мағлұмат берді: Осы бөлшектерді енгізу әдісі XV ғасырда Самарқанд ғалымы әл-Каши «Арифметика кілті» еңбегінде ондық бөлшектерді енгізген. Ол ондық бөлшектерді түбірді дәлірек есептеу үшін қолданған. Осыдан кейін бірден табыс критерийін жүзеге асыратын тапсырмаларды орындатуға кірістім. Белгілі әдіспен топқа бөліп алғаннан кейін әр топқа әр түрлі есеп бердім. Есепті әуелі өздері түсініп, топта талдап шығарып келесі топтарға барып әдіс алмасты. Дәл осы тұста топтар біраз қиындыққа кездесті. Ойлары бір жерден шықпай, идеялары шашырап діттеген нәтижеге қол жеткізе алмады. Өзімнің бірінші сәтсіздігімді осы сәтте аңғардым. Демек бұл жерде мен көпіршелерді назардан тыс қалдырғам. Өзімнің сәтсіздігімді бірден түсініп, тапсырманы қайта бағыттадым. Оқушыларға , формаласын 2 =а «драма» әдісі бойынша көрсетуді сұрағанда түбір


ретінде қолшатырды алып, бірінші қолшатырда екі оқушы тұрса теңдік белгісін қою арқылы екінші жағына топтағы қалған екі оқушы жеке- жеке қолшатыр астына тұрып, мұнда бір түбірдегі сандарды жеке-жеке түбір таңбасының астына алу қажеттігін түсіндірді. Сонда ғана тапсырма өз мәресіне жетіп, оқушылар формуланың мағынасын тағы бір қырынан ұқты. Өз бетінше есептер құрастырып, тақтаға шығып түрлі тәсілдермен дәлелдеуге тырысты. Тіпті «Ш», «А» есімді оқушыларымның күрделіге деген қызығушылығы артып, тағы да осындай есептер шығарсақ деген ниеттерін жасырмады. Демек бұл жерде Фримманның (1998) талантты және дарынды балаға тән тоғыз қасиетінің бірі олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары, олар ақпаратты білім қана қоймай, оны пайдалана алатыны көрініс тапқанын аңғардым. Үшінші нәтижеге қол жеткізу үшін электрондық оқулық арқылы тақырып модуліне тән интерактивті тапсырма орындады. Тапсырмалардың көпшілігі өрнектердің мәнін табуда арифметикалық квадрат түбірлердің қасиеттерінің формулаларын қолдануды үйрену. Сабақ соңында оқушылар қалыптастырушы бағалау арқылы өзін және өзгені бас бармақ, смайлик арқылы бағалады. Үйге №63,68 есептер берілді. Әдетімізше сабақ соңында кері байланыс алынды. Әр топқа дербес тапсырма берілген тұста, топ мүшелері сол тапсырмаға зейіндерін шоғырландыра отырып, жұмыла кіріскені ерекше әсер етті. Оқыту үдерісі арқылы мен оқушылардың іс әрекетке қарай тез өзгеретінін, кез-келген ақпаратты бірден қабылдап, ой елегінен өткізе отырып зерделейтінін аңғардым. Әсіресе осы бағдарламаны сынақтан өткізген 8-сынып оқушылары бейне бір губка тәріздес, алгебра саласындағы ұғымнан бастап, аса қабілеттісі күрделі тапсырмаларға дейін өз бойларына сіңіре білді. Осы тұста менің байқағаным оқушыларға мұғалім тарапынан ең бірінші жылы қарым қатынаспенен дұрыс көзқарас өте маңызды болып табылады. Сонымен қатар құрдастарының қолдауы, сыныптағы қалыптасқан өзіндік орны, кез-келген аузынан шыққан пікірінің еленетіндігі және сабақ процесі барысында өз үнінің маңызды екенін сездіру, оқушы оқуына оң ықпал етті. Топтық жұмыс, жұптық жұмыс әрі үштік жұмыстар оқушылардың бір бірімен емен жарқын араласып, пікірлесіп, басқа оқушылардың айтқан құнды идеяларын назар қоя тыңдағандарын байқай отырып, Лев Выготскийдің «жақын арада даму аймағының» шын мәнінде маңызды екенін мойындадым. Өзінің білмей жатқан тұстарын, есте сақтау қабілеті басымдау құрдастары арқылы толықтыра отырып, тіпті қиналған тұстарында мұғалім көмегіне жүгіну арқылы тығырықтан шығып отырды. Бұрынғы дәстүрлі сабағымда мүлде мән бермеген тұйық оқушылардың топ арасында өзін еркін сезініп,жүзіне күлкі үйіріліп, мысқалдай болсада ашыла бастағанын көргенімде, қолданысқа енгізген іс әрекетімнің алғашқы жемісін бергеніне риза болдым.Ал керісінше бұрынғы кезде айдарынан жел есіп отыратын үздік оқушылар, ортаға қарай икемделіп, құрбы құрдастарына көңіл бөліп өз білгенімен бөлісуді, өзгенің пікірін тыңдауды үйренді. Сыныпта орнаған жақсы ахуалдың арқасында, оқушылар бір бірімен тығыз қарым-қатынасқа түсе отырып,білім қоғамдастығын құру арқылы қабілеттерін шыңдай білді. Оқушыларды оқыту үдерісі арқылы өз тәжірибемнен нені үйрендім? 1.Сыныпта жайлы атмосфера қалыптастыруды үйрендім.2.Дәстүрлі тәсілге қарағанда, топта оқушылардың анағұрлым ашылатынын аңғардым.3.Мұғалім-оқушыдан гөрі, оқушы-оқушы жүйесінің тиімділігін үйрендім.
Оқыту үдерісінде өзгеріс енгізетін ең басты тұлға – мұғалім. Сабақтың нәтижелі не нәтижесіз болуы мұғалім шеберлігіне тікелей тәуелді. Келесі сабағымда оқушыларды әр ұғымды зерделей отырып,терең ойлануға жетелеу үшін сыни тұрғыдан ойлау модулін басшылыққа алып, табыс крийтериін жүзеге асыруға ықпал еттім. «Квадрат өрнектерді түрлендіру.» тақырыбында оқушылар нені білулері керек? 1. Квадрат түбірлері бар өрнектердің түрленетіні туралы ұғым қалыптасады. 2. Квадрат түбірлердің ішіне енгізу және сыртына шығарудың айырмашылығын анықтайды. 3. Қандай түйінді идеяларды түсінуі керек? Ирроцианалдықтан құтылуды үйренеді. Әрі өрнектерді бір бірімен салыстырып, талдай алулары керек. Түйінді мақсатым квадрат түбірлердің қасиетін қолданып, өрнектерді түрлендіру дағдысын қалыптастыру. Табыс критерийіне қол жеткізетін тапсырмалар құрастыру мен үшін сәл қиындық тудырды. Оқушыны ойлануға жетелейтін, бірақ ынтасын жойып алмайтын, оқушы қажеттілігін қанағаттандыруға арналған тапсырмалар жиынтығын құрастыруды үйрендім. Ал бұрынғы уақытта кітаптағы тапсырмамен ғана шектеліп, белгілі сұрақтарды беруді ұйғаратынмын. Демек, бұл тұста мен өзімнің өзгергендігімді байқадым.Табыс критерийіндегі бірінші нәтижеге қол жеткізу үшін «білемін, білдім, білгім келеді» кестесін пайдаландым. Әуелі «квадрат ұғымы туралы не білесіңдер?- деген сұраққа нысанадағы А атты оқушым сандарды түбірден шығаруды, квадраттауды білемін деп жауап берді. Қысқаша түсіндіруден кейін не білдіңіздер? деген сұраққа нысанадағы «Ш» атты оқушым квадрат өрнектері бар түбірлердің түрленетінін көбейткіштерге жіктеп алдыға шығаруға болатынын, түбірге квадраттап енгізуге болатынын ирроцианалдықтан құтылу үшін түйіндес өрнекке көбейту қажеттілігін білдім деп жауап берді. Біраз тапсырмаларды орындағаннан кейін «болашақта нені білгің келеді» деген сұраққа нысанадағы «Е» атты оқушым есептер шығаруда квадрат түбірлерді қателеспей қолдана білгім келеді деп жауап берді. Нәтижемнің екіншісіне қол жеткізу үшін үш топқа №76, №80, №83 есептерді талқылауға бердім. Талқылау барысында І топқа түбір астындағы 108 бұл қандай өрнек деген сұраққа «Е» атты оқушы квадрат түбір астындағы өрнек деп жауап берді. Келесі 108ден түбір шыға ма, ол қандай санның квадраты? Деген сұраққа ешқандай деп жауап берді «А» атты оқушы. Ал қандай сандардың көбейтіндісі деген сұраққа 2*54,4*27,36*3. Сонда оқушылар 36 мен 3 тің көбейтіндісі түрінде жазып 36 дан түбір шығаруға болатынын түсінді. Нәтиженің үшінші сатысын жүзеге асыру үшін тақтадан №8 слайд арқылы бірнеше есеп шықты. Негізгі мақсат бөлшектің бөлімін ирроцианалдықтан босату. Мысалы, құрастыр сосын жауап бер. Келесі кезеңде топтарға түсінгендері бойынша постер жасау тапсырылды. Түсінбегендерін бағдаршам түсі арқылы көрсетті. Соңында постерді бас бармақ әдісі арқылы бағалады.
Оқушылар ойымыз біртіндеп өзгереді-деп өз ойларында, білімдерінде болып жатқан өзгерісті жазуы топ арасындағы ынтымақтастықтың жүрзіліп, алға жылжудың болып жатқанын көрсетті.


Бұдан кейін топтық жұмысты одан әрі жандандыру мақсатында №71 есепті топта талдап, басқа топтармен білім алмасып нәтижесін тақтаға жазды. Соңында басқа топтар «екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалады. № 73 – 75 ші есептерді жұптық тапсырмаға бердім. Жұптық жұмыс смайлик арқылы бағаланды. №76, 80, 85 ші есептерді жеке жұмыс ретінде бердім. Соңында жинақ бағасы шығарылып, үйге тапсырма берілді. Кері байланыс алынып бұл сабақтыңда нүктесі қойылды. № 4 ші сабағымның тақырыбы квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру. Мақсатым: оқушыларға көбейткішті түбір таңбасының алдына шығару, ішіне енгізу және ирроцианалдықтан босатуды меңгерту. Оқушыға бағытталатын нәтижем 1.материалдың мәнін бағалай біледі, тақырыпты зерделейді. 2.өз бетімен есеп құрастыра алады. 3. Түйінді ережелерді есептер шығаруда қолданады. Үй тапсырмасын пысықтап тексергеннен кейін оқушыларды бірден топқа бөлуге кірістім. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы топқа бөлдім. Мақсатым топқа бөлудің өзінен оқушыны сыни ойлауға жетелей отырып, білімдерін одан ары жетілдіру. Оқушыларға ойдан көбейткішті түбір астына енгізуге, алдына шығаруға ирроционалдықтан босатуға есеп құрастыру тапсырылды. Түбір астына енгізуді құраған топ І жұп, түбірден шығарған топ ІІ жұп, ирроционалдықтан босатқан топ ІІІ жұп болып төрттен жұптасты. Жұптар айқындалғаннан кейін екінші сағат өтіп отырған тақырыптың қыр сырын әр топ өз білім білігінше ортаға салып әңгіме өрбітті. Тақырып теориясы зерделенгеннен кейін бірден практикаға көштім.


Кітаптағы бірнеше есептен кейін , келесі есептерді өздеріне құраттым. Бақылауға алған «Ш» атты оқушым ерекше тапқырлық таныта отырып, есепті бірден құрастырып әкелді. Білім әлеуеті тұрақты «А» атты оқушым тақта алдында ұзақ тұрып қалды. Выготскийдің ЖАДА сын еске түсіре отырып, «кім көмекке келеді?» дегенімде «А»атты математикаға қабілетті оқушы бірден келіп сәл күрделендірілген жолмен есепті әп сәтте орындап берді. Осы тұста ұзақ ойланып тұрған «А»- апай ортақ көбейткішті алдына шығарсақ болмайма? - деп есеп шығарудың жеңіл әрі қысқа жолын таңдады. «А»-ға алдыңғы оқушының ықпалының болғанын көре отырып есепті қайта шығарттым және түсіндіруін сұрадым, сонда «А» өйткені бөлімі мен алымындағы өрнектер қысқарып кетіп, жауабы 3 болатынын көрсетті. Демек оқушы зейін шоғырландыра отырып ұзақ мерзімді жадтағы ақпаратты ұтымды пайдалана білді. Бақылаудағы келесі оқушы «Е» құрдастарының көмегімен, өзімнің жетегіммен есепті интербелсенді тақтада шығара білді. Сабақты бекіту кезінде барлығынан тест алынып, бірінікін біріне тексертіп, соңында кілтін слайд бетінде шығардым. Әрі тестті бағалауды өздеріне жүктедім. Сабақ соңында топ басшылары сабақ барысына қысқаша рефлексия жасады. Осы сабағымда сәл де болса төселгенімді аңғарып, бағалау үдерісін критерий арқылы жүзеге асырдым. Әрі кезекті бір оқушымның келесі сабақта бағалауды нақтыласаңыз деген кері байланыс түрткі болды.
Бағалау критерийі: 1.квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіруді білу, түсіну. 1-5 балл. 2.квадрат түбірлері бар өрнектерді салыстыру.1-5 балл 3.өрнектерді талдап, есептер шығару. 1-5 балл. 4.қорытып, бағалау. 1-5 балл. 1-5б---«2», 5-10б ---«3», 10-15б----«4», 15-20б---«5». Нақты критерий арқылы оқушылар бір-бірін әділ әрі дәл бағалады. Сабақ соңы кері байланыспен тәмамдалды. Тізбектелген төрт сабақ бойынша нысанадағы үш оқушының білім көрсеткіші былайша өрбіді:
Оқушы аты Экспериментке дейін Кейін
«Ш» 82 85
«А» 51 53
«Е» 28 30,5
Жалпы сыныптағы білім сапасы 39 пайыз болса, жаңашылдықтан кейін 42,5 пайызды көрсетті. Іс әрекетті зерттеудегі ең бір маңызды нәрсе ол деректер жинау.Оқушы туралы оқушының оқуы туралы деректер жинауды мен осы сыныпқа сабақ беретін «А» есімді, «Ш» есімді пән мұғалімдерін тартуды жөн көрдім.
ІІІ-бөлім.Қорытынды және талдау
Оқушылар оқу үдерісіне белсенді қатысқанда тиімділікпен оқиды. Зерттеушілер оқитын пәніне қарамастан, басқа оқу нысанында ұсынылған ақпараттан гөрі, шағын топтарда жұмыс істейтін оқушылар, әдетте, оқытылатын нәрсе туралы көбірек біліп, соның нәтижесінде алған білімін ұзақ сақтайтындығын дәлелдеп отыр. Сонымен қатар ынтымақтастық топтарда жұмыс істейтін оқушылардың өзінің сыныптарына анағұрлым көңілі толатын сияқты болып көрінеді. (МАН 2014, 78 бет)
Әріптестерім әр сабағыма қатысып, нысанадағы оқушыларды бақылауда шеберлік танытып, тиісті қолдау көрсетіп, кейбір мүлт кеткен тұстарымда өзіндік сын ескертпелерін айтып отырды. Деректер жинау барысында социаграммалардың маңызы өте зор. 1. Ең жақын үш досы. 2. Үзіліс кезінде араласатын балалары. 3. Болашақта араласқысы келетін адамдары. 4. Еліктейтін адамдары.

Социаграмманың маңыздылығын- топтық жұмыс арқылы оқушылардың ынтымақтаса оқу ортасын қалыптастыратыны, өз-өзіне сенімділігі, сабаққа белсенділігі артатынын байқадым.Осы іспеттес үзік сызықтармен, ирекпен, тік сызықпен белгіленетін социограмманың да маңызы керемет.------------------ сыныптағы ақылды бала. Тік сызық – сыныптың танымал оқушысы. Ирек- білімді бала. Қос сызық дәрменсіз бала. Сыныптағы оқушылар жоғарыдағы социаграмма арқылы топтық бағалау жүргізе отырып,өзара бағалаудың тиімділігін сезінді.Бұл әрекеттердің барлығы сынып оқушыларының сыни ойлау дағдыларын одан әрі жетілдіріп, тереңдете түседі. Бақылауға алынған оқушылардан сұхбат алу арқылы, олардан жалпы мектептің ішкі сыртқы саясаты туралы, өзім жүргізетін пән туралы оны жетілдіруге қосатын өзіндік үндері туралы көптеген мағұлматтар жинадым. Алдын ала сұхбат тақырыбын айқындай отырып, қоятын сұрақтарымды жүйелей бастадым. Мақсатым сапалы сұрақ арқылы оқушының сыни көзқарасын дамыта отырып, сөздік қорын молайта түсу, әрі тұшымды мәлімет алу. Ашық та сауатты құрылған сұрақтардың арқасында, оқушыны сөйлете отырып өзім мықты тыңдаушы бола білдім.
«Blob tree» әдісі бойынша оқушыларды өз-өзіне бағалаттым.
Оқушылардың жауаптары
А: мен әр уақытта алға ұмтыламын, сабақтағы жаңа әдістер арқылы ағаштың биік тұсына
шықтым.
В: сабақтағы қолданылған жаңа әдіс-тәсілдер арқылы өзімді, білімімді көрсете білдім.
С: мен сабақта топтағы құрдастарымның көмегімен жақсы деңгейге жеттім.
ІV-бөлім:Іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу үдерісіндегі шектеулер және бұдан кейінгі іс-тәжірибеге жасайтын ықпалы
Дәстүрлі білім беру жүйесіндеде мен «қайталау-оқу анасы» деген ұстанымды ұстанатынмын. Қазіргі жаңа әдіс-тәсілдерде «қалай оқу керектігінің» басты идеясы оқушылардаң бастапқы білімдерін жаңа материалмен үйлестірген тұста ғана, белгілі бір білім нәтижесіне қол жеткізу мүмкін екенін айқындайды. Оқушылардың бұған дейінде білетін шамалы білімдерінің маңызы өте зор. Себебі сол азды көпті алған бұрынғы білімі, оқушының болашақтағы біліміне жол көрсетіп, бағыт сілтейтін компас тәрізді болмақ. Мұғалім осы тұста оқушының нені білетінін білмей тұрып міндет қоятын болса, ондай оқуда табысқа жету күмәнді. Осы себептен оқушыларға сұрақ қою , сауалнама алу арқылы бұған дейінгі білімдеріне нақты сараптама жасай алдым. Ең бастысы Чиксентмихай «2008» «өзіндік мақсат» деп атайтын, Райан мен Деки «2009» «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырыстым. Әрбір табыс критерийін орындауға арналған тапсырмалардың негізгі желісі, басым көпшілігі сұрақ қоюдан тұрады. Бұған дейін менің сұрақ қою үлгімнің 30 пайызы «бастама –жауап- кейінгі әрекет»нысаны бойынша құрылған. Бұл модель әңгімеге сыныпта бастама жасайтын жәнеде оны бақылап отыратын адам мұғалім болатын жағдайларды көрсетеді. « Мерсер 1995» Ал қазіргі уақытта оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту, ой жүйріктігін шыңдау, алған білімдерін берекелі қылу үшін сұрақтардың 100 пайызын ашық әрі сауатты қылуға әдеттендім.Дәстүрлі сабақтарда оқушыға сұрақ бағытталады. Содан кейін оқушының жауабын тыңдау арқылы дұрыс бұрыстығын айтып, орнына отырғызатынмын. Өзгергендігімнің белгісі сол, осы сабақтарда оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әр түрлі техникаларын пайдалануға тура келді.Оқушы жауабымен мұқият танысқаннан кейін туындайтын сұрақтар, менің бұған дейінгі тәжірибемдеде жиі көрініс табатын. Выготскийдің айтуы бойынша оқушы диалог құру нәтижесінде нақты білім алады. Оқушылар өзінен көбірек білетін сыныптастарымен яки мұғалімдермен диалог жүргізу барысында оқыту жеңіл болмақ. Барнс «1971» сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Сонымен қатар оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, сөйлесу, талдау, дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті.Бұл идеяны Мерсер мен Ходжкинсон «2008»зерттеулеріде растады. Сыныпта диалогтың топтың яки жұптың, үштіктің ортасында жүретінін ескерсек, бұрынғы сабақтарда диалогке аз көңіл бөлгенімді сездім. Сезе отырып мектептегі тәжірибе кезеңінде сыныпта жарқын диалогтың жалауын желбіретуді жөн деп таптым.Тағы бір баса назар аударатын нәрсе, дәстүрлі сабақтарда оқушыларды есеп шығаруға, есеп құрастыруға орындауға өзім жанталаса кірісіп, тапсырма нәтижесіне қол жеткізгенше байыз таппайтынмын. Өзгергендігімнің белгісі ретінде,қазір оқушының өз бетінше жұмыс жасауына көбірек көңіл бөлетін болдым. Шанк пен Циммерман «1994» өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін метатанудың маңызды аспектісі ретінде таниды. Постер жазып қорғауда, есептерді көре отырып оны өздері қорытып шығаруда, логикалық есептер шығаруда оқушылар өз бетінше жұмыс жасай отырып,құрдастарының көмегіне жүгіну арқылы алдыға қарыштап, дами алады. Жаңа әдіс тәсіл арқылы келесі сабағымды оқушы қажеттілігін қанағаттандыруға бағыттай отырып, жоспарлауды үйрендім.Осы тұста менің өзгергендігімнің айқын көрінісі, сабақ жоспарын құруда міндетті түрде оқушыдан алған кері байланысты басты назарда ұстайтын болдым. Оқушы үніне баса көңіл аудару, менің келесі сабағымның бұданда нәтижелі болуының белгісі деп білемін. Жақсы оқитын «А» есімді оқушының «келесі сабақта логикалық есептерге кеңірек тоқталсаңыз» деген үніне орай, бірден келесі сабақта толықтай бір табыс критерийін логиаклық есептерді шығару жолдарына арнадым. Осыдан байқағаным мұғалім «оқушы- оқу материалы» көпірін үнемі бақылаудан шығармағаны дұрыс. Астын сызып айта кететін нәрсе, бұрын мен өзіне қойылған сұрақтың жауабын нақты білмей, білседе күмәнданып тұрған оқушының, мұғалімнен яғни меннен көмек сұраған тұсында оқушыға жауап бермей, тіпті ренжитінмін.Ал бұл әрекет оқушының метакогнитивтілік қасиетінің дамығандығын көрсетеді. Демек бұл тұста оқушының кез-келген сұрағына ынта шынтамен жауап бере отырып, болашақта оның тәуелсіздігіне дербестігіне жол ашамыз.Бұған дейін 45 минут сабақтың 20минутында мұғалім, яғни өзім сөйлеп,сабақты егжей тегжейлі түсіндіріп,пысықтап, қорытындылайтынмын. Жаңа жүйе бойынша оқушыға тек бағыт-бағдар беруге тырысамын, ал қарым қабілетін шыңдау,білімін жетілдіру оқушының өз қолында. Жас ерекшеліктеріне қарай оқыту және оқу модулі бойынша үлгерімі төмен оқушылар, танымдық тәсіл арқылы өздеріне қарағанда анағұрлым білімді құрдастарымен қарым-қатынасқа түсу барысында, ортаға еліктеу арқылы ой-өрісі шыңдалып,оқу процесінде алға жылжу байқалды. Гуманистік тәсіл бойынша әр баланың жеке адами қасиеттеріне қарай, мінез-құлқына бағыттап дербес тапсырмалар құрастыруды үйрендім. Әр баланың мектептегі іс-әрекетіне қарай, берген жауабына байланысты келесі сұрақты қойып,тиісті жерінде мадақтап,ортада өзінің қауіпсіздігіне көз жеткізе отырып,алдағы сабағыма ынталандыруды
жөн деп таптым. Сыни тұрғыдан ойлау дәрежелерін шыңдау үшін,сабақтан тыс тапсырмалар берудіде үйрендім. Бірінші бетпе-бет кезеңінде үйренген топтастыру, кейін-дейін арқылы оқушылардың танымдық қабілеттері дамып, ой ұшқырлығы шыңдалды. Сыныптағы дарынды және талантты баланы байқай отырып, ол баланың бойындағы Фриманның «1998» тексерудің парағындағы өлшемдерді ескере отырып, күрделендірілген тапсырма құрастыруды үйрендім. Соның ішінде бірнеше жауабы бар,бірақ сол жауаптардың барлығыда дұрыс болатын сұрақтар оқушы қабілетін шыңдауда ерекше түрткі болатынын байқадым.Байқай отырып әр сабағымда осындай тапсырмаларға ерекше назар аударып отырдым. Менің өзгергендігімнің тағы бір айқын көрінісі, бұрынғы сабақтардың бірде бірінде ролдік ойындар, драма көріністерінен үзінділерді мүлде сабаққа кіріктірмейтінмін. Тәжірибе кезінде, оқушылардың қызығушылығын тудырып, ынтасын арттыру үшін, пәнге деген «ішкі уәжін» қалыптастыру үшін,әр сабақта болмасада екі сабақта бір, тақырыпқа лайықтап ролдік ойындарды кіріктіріп отырдым. Өрнектерді түбір астынан шығаруға әрі түбір астына енгізуге арналған тапсырмаларды оқушылар ойлана отырып, рольдік ойындар түрінде келтіруі, кейбір ашылмай жүрген оқушылардың өзі сабаққа қарата икемделіп, топпен бірлесе жұмыс істеуі оқу процесінің алға жылжуына үлкен әсер етті. Драманың мен байқаған негізгі ерекшелігі, басқа тапсырмалар кезінде аса тартылмай отырған тұйық оқушылардың өзі белсене қатысып,жаңа сабақтың кейбір тұстарын бірден игеріп алатынын аңғардым.Жауапкершілік жүгін аса сезіне қоймаған кейбір оқушылардың, топтық жұмыстан кейін еңселерін тіктеп, мойындарындағы міндетке қарай икемделіп, ортаға қарай қалыптасқанын сездім. Демек қоғам мен орта адамның өсуіне,дамуына, қалыптасуына ерекше әсер етеді. Бұл көрініс жас ерекшеліктеріне қарай оқыту және оқу модуліндегі, оқытудағы әлеуметтік- жағдаяттық тәсілде анық айтылған.
Бағалау жүйесіде үлкен өзгеріске тап болды. Дәстүрлі сабақтарда бұл жүйе бойынша мұғалім толығымен басымдылыққа ие болатын. Жаңа жүйе бойынша оқушылар өздерін және өзгені бағалап, мықты бақылаушыда бола білді. Әрине бұл үдеріс кемшіліксіз бола қойған жоқ.Дегенменде «көш жүре түзеледі»-демекші бағалау үдерісіндегі оқушылардың мойнына жүктелетін маңызды міндетті жете түсіндіру арқылы бұл тығырықтанда шыға білдім. Сонымен қатар оқушының тіпті мұғалімге қарағанда әділірек бағалайтынына көзім жетті. Себебі оқушылар бір –бірінің қалай оқитынын,жаңа ұғымдарды қаншалықты меңгергенін бес саусақтарындай жақсы біледі.Оқушыларға бірін-біріне бағалата отырып,келесі сабақты құрылымдау үшін өзіндік үндерінің қаншалықты маңызды екендігін түсіндіре білдім. Алғашқы кері байланыстар сапасыздау болғанымен, сабақ үдерісіне оқушылар төселгеннен соң маңыздыда байыпты кері байланыстар көрініс бере бастады.Сабақ барысында әсіре шу,бір-бірінің сөзін тыңдамаған сәттерінде бұрынғы әдетімше дауыс көтермей-ақ, сыпайы түрде «балалар, топ ережесіне бағынамыз» деп айту арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра алдым. Іс әрекетті зерттеу жобасы бойынша кездескен шектеулерді саралауға тура келеді. Атап айтатын болсам дәстүрлі оқу жүйесіне төселген оқушылардың, есептерді топта талдауда біраз әбігерге түсуі. Тақырыптың мен ойлаған деңгейде ашылмауы. Бағалау үдерісінде асыра сілтеушіліктің орын алуы. Бір сабақта тек үш төрт есептің ғана талдануы. Осы үдерістерді сипаттай келе болашақта мен нені жоспарлаймын?
1.Оқушыларға бағыт беріп, жол сілтеу арқылы нақты білім-білік дағдыларын қалыптастыру.
2.Оқушыларға оқушы екендіктерін сезіндіре отырып, мойындарына маңызды жауапкершілік жүгін жүктеу.
3. «Оқушы- оқу материалы» көпірін әркез назардан шығармау.
4.Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы барлық баланы табысты оқытуға күш салу.
5.Қажырлылықпен алған білімдерін өмірде қолдана алуға машықтандыру.
6.Кез-келген ұғым жайында сыни тұрғыдан ойлана отырып, есте сақтау қабілеттерін жаңғырту.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық.
2. Үлестірме материалдар. І,ІІ,ІІІ,ІV апта.
3.Әлімов А.«Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері», Алматы 2013ж

Манапова У Н
Мұғалім портфолиосы
А есебі
1-топ
ІІ-деңгей
Талдықорған қаласы


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі