Мұқағали Мақатаев (1931-1976)

Мұқағали Мақатаев (1931-1976)

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді.
Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады.
Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңес қызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер, Қазақ радиосында диктор болған, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімін басқарған. Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған.
Тырнақ алды туындылары Нарынқол аудандық «Советтік шекара» (қазіргі «Хан тәңірісі») газетінде 1948 жылдары жариялана бастаған. 1954 жылы бір топ өлеңі «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») журналында, одан кейін бір шоғыр жыры Ә.Тәжібаевтың сәт сапар тілеген сөзімен «Қазақ әдебиетінде» жарияланған.
Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді, әже, шырағын», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Н.Тілендиев ән шығарған.
Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, әпербақан сынға ұшырағанда да "Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана" деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге де, лауазым-атаққа да қызықпаған.
М.Мақатаев қаламынан "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің", "Өмір-дастан" т.б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір-өзен" т.б. жыр кітаптары, "Қош, махаббат!" атты прозалық кітабы оқырманның қолдан-қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды.
Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали "Жан азасы" (реквием) поэмасында өмір туралы гимн туғызды. "Аққулар ұйықтағанда" поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін жыр етсе, "Райымбек, Райымбек!" дастанында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді.
М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.

ТАҚПАҚТАРЫ ӨЛЕҢДЕРІ НАҚЫЛ СӨЗДЕРІ БАТАЛАРЫ  ӘҢГІМЕЛЕРІ ПОЭМАЛАРЫ



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 13
  1. Оқырман Дильназ
    0 + 0 -
    Туған күніныз құтты болсын! Ауырманыз аспанда қанша жұлдыз бар сондаи жасқа тола беріңіз. Жұмысынызга алға орлеи берсін біз сізді жақсы көреміз
  2. Қазына
    Қазына 02.02.2021 21:21
    11 + 4 -
    Мен. М. Мақатаев атамыздың барлық өлеңдерін сүйп оқимін. Керемет әрбір өлеңінде үлкен бір оқиға жатыр
  3. Ерасыл
    Ерасыл 15.01.2018 15:20
    3 + 4 -
    Я маганда унады
  4. Томирис Баяхметова
    3 + 1 -
    ОООО
  5. Нұрай Аймырза
    Нұрай Аймырза 04.09.2016 09:50
    2 + 0 -
    Тамаша????????????
  6. Дарын Жубатханов
    2 + 1 -
    Ұнады рахмет көп-көп
  7. Луиза Адерина
    Луиза Адерина 25.02.2016 18:16
    2 + 1 -
    оте керемет.Маган Мукагали атамыздын "Аккулар уйыктаганда" деген поэмасы унайды.Бул поэма керемет.Балалар бул поэманы окындар деймин.
  8. Жазека Мусаева
    Жазека Мусаева 27.01.2016 07:48
    2 + 0 -
    Нақты да тусиникти рахмет
  9. Шынгыскан Курбан
    0 + 2 -
    раааххметттт
  10. Aidana Kalybai
    Aidana Kalybai 19.02.2015 19:18
    1 + 3 -
    durys
  11. Арыстанбек Смаханов
    0 + 0 -
    маған қатты ұнады керемет әсіресе осы деректерден жақсы әсер алдым және өзіме ақыл жинап алдымкеремееет
  12. Оркен Амантурдиев
    1 + 0 -
    Мұқағали Мақатаевтің жинағы өте қатты ұнайды Өркен жазған
  13. Жадыра Туганбай
    3 + 0 -
    қалай өлгені белгісіз ба???